Жаңа Қазақстанды бірге құрайық
Бүгінгі ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың телеарналар арқылы халыққа жасаған үндеуінде, Ата Заңға 30 дан астам өзгертулер мен түзетулер енгізілгелі отырғанын тілге тиек етті.
Онда мемлекет басшысы референдумның ел тарихында ойып тұрып орын алар сәт екенін атап өткен болатын. Расымен, 5 маусым күні өтетін референдумға әрбір қазақстандық азамат бей-жай қарамауы қажет деп білемін. Себебі бұл Жаңа Қазақстанды құрудағы ең жауапты сәт. Жалпы Конституциялық реформа мәселесі бойынша республикалық референдум өткізудің бірқатар оң тұстары бар.
Біріншіден, бұл ішкі және халықаралық аудиторияның Жаңа Қазақстанда мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелері бойынша шешімдер қоғамның кең ауқымды қатысуы мен қолдауы негізінде ғана қабылданатындығын көрсету.
Екіншіден, халықты референдумда дауыс беру процесіне тарту оның азаматтық белсенділігі мен саяси қатысуын арттыруға ықпал ететін болады. Сонымен, алдағы конституциялық өзгерістер бойынша референдум өткізу Қазақстан азаматтарына мемлекеттік маңызы бар мәселелер бойынша ерік білдіру құқығын пайдалануға мүмкіндік береді. Кең мағынада конституциялық түзетулер үшін тікелей дауыс беру – азаматтардың Жаңа Қазақстанның құрылысына тікелей қатысуына жағдай жасайды.
Серік АҚМЫРЗА