Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құқықтық компания Қазалыдағы жол ережесін бұзған кортеждерді сынға алды

Құқықтық компания Қазалыдағы жол ережесін бұзған кортеждерді сынға алды

«Заң заңғары» құқықтық компаниясы өзінің фейсбук парақшасында Қазалы ауданындағы жол ережесін өрескел бұзған кортеждерді сынға алды.
     Суреттермен дәлел келтіре отырып, жол ережесін бұзушыларды бейбастақтық жасады, мәдениетсіздікке жол берді деп сөккен компания аудан жастарының іс-әрекетінде бірнеше заң бұзушылық барын айтады.

«Мемлекеттік туды пайдалану тәртібі осы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы заңның 4-бабында және Үкіметтің арнайы қаулысында нақты бекітілген. Ол жерде жол ережесін бұза отырып, Мемлекеттік Туды көліктің сыртына шығарып ұстап, көшеде тайраңдау қарастырылмаған. Бұл да заң бұзушылық. Сонымен бірге Мемлекеттік Ту болғанның өзінде көліктің терезесінен осылай бірдемені шығарып ұстау жол ережесін бұзу емес пе?» – дейді «Заң заңғары» фейсбук парақшасында.

Құқықтық компания жастардың Туды алып автошеруге шығуын «Берлинді басып алғандай» деп теңеген.
Сондай-ақ компания құқық қорғау органдары Мемлекеттік туды пайдалану тәртібін және Жол ережесін бұзу фактілері бойынша тексеру жүргізу қажет екендігін айтады.

11 желтоқсан 2018 ж. 1 055 0

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 63

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930