Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде әскерилердің зейнет жасы өсті

Елімізде әскерилердің зейнет жасы өсті

Қорғаныс министрлігіндегілер әскерилердің зейнет жасын көбейту туралы жоспармен бөлісті. Бұл туралы министрліктің Зейнетпен қамту орталығының басшысы Қайыржан Бимолдин айтты.
«Биыл әскери қызмет туралы заңға қызмет мерзімін бес жылға көбейту туралы норма мен өзгерістер енгізілді. Осыған байланысты зейнет жасы да бес жылға өседі», – деді Қайыржан Бимолдин. Бұл әскери қызмет туралы заңда әскерилер үшін бекітілген шектік жасқа тікелей байланысты.
Сонымен қатар әскерилер ынтымақты зейнетке мемлекеттік бюджет есебінен шығады. Бұған дейін бұл жинақтық жүйе есебінен іске асырылып келген.
2021 жылы әскери зейнеткерлерге зейнетақы жинағындағы қаржының 50% жеткіліктік шегіне қарамастан қолдану мүмкіндігі берілген еді. Егер әскери қызметкердің жинағында 3 миллион теңге болса, 1,5 миллион теңгесін қолдануға құқығы бар.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
31 мамыр 2022 ж. 269 0

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 69

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 45

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 78

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 84

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031