Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тексіздік түбі – елсіздік

Тексіздік түбі – елсіздік

Қоғамды психологиялық азғындату мақсатында түсіріліп жатқан батыс фильмдерін көргенде жаға ұстайсың.Бүгінде ғасырлар бойы қаймағы бұзылмаған қазақ даласының жастарын елітуде. Қазіргі таңда республиканың шет-шетінде кемпірқосақ тектес жалауын желбіретіп, өз құқықтарының қорғалуын талап еткен ЛГБТ өкілдерінің көксегені не? Осы және басқа да дәйектер жайында толығырақ зерттеген болатынбыз.
Тәуекел түбі жел қайық

Естеріңізде болса, 2019 жылдың 22 тамызында ЛГБТ-лықтар өз құқығын қорғауды мақсат етіп, митингіге белгілі қаланың әкімшілігіне ұсыным жасаған. Бірақ құзырлы органдардың рұқсат етпегеніне қарамастан шеруге бірнеше қалада мыңнан астам адам шықты. Елді бір дүрсілкіндірген олар көксегеніне жете алмады. Алайда алаңға шыққан жанның қарасын көрсеңіз, кері пікірде боласыз. Содан бері бұл азғындық әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, көпшіліктің назарына іліккен. Бұрын соңды шынайы бейнесін көлеңкеде жасырған жандар жарыққа шыға бастады.
Әлемнің дамуына да құлдырауына да себепші болар алып саясаткерлер бар. 1991 жылы қазақ жұрты өзінің тәуелсіз мемлекет екенін жариялаған шақта, өзге елдермен етене араласу үшін мыңдаған келісім шартқа қол қойған болатын. Дүниежүзілік сауда ұйымы, Еуропаның қайта құру және даму банкі, ғаламдық Валюта қоры, Халықаралық Олимпиада комитеті бастаған түрлі спорттық ұйымдарға мүше болу үшін олардың бәрінің ішкі ережелерінде жазылған «ЛГБТ құқығын қорғау» деген шартты бөлектеп ала алмай, яғни келісім шартқа келісті.
Алып державалардың келісімне қол қоймаған жағдайда, Қазақстанның жер қойнауындағы барлық экспорттық тауарларды өзге елге сата алмай және спортшыларымыз әлемдік аренада өнер көрсете алмайтын. Қысқасы, айдалада ақ отаудың күнін кешеді. Кезінде белді жазушы Мұхтар Шаханов жастарға «батыстың цивилизациясын аламын деп, канализациясына түсіп кетпеңдер», деген сөзі алдымыздан шықты. Бүгінде сол канализацияға түсіп кетуге бір қадам жақындағандаймыз.


Психологтар пайымы

Қазіргі таңда уақытының көп бөлігін әлеуметтік желіде өткізетін жастар белгілі трансгендерге айналу мақсатында ота жасаған бірнеше кейіпкердің парақшасын аңдып отырады. Ондағы жастың мақсаты – сол адамды күлкіге айналдырып, қысқа метражды күлкілі бейнебаяндар жасау. Алайда олар кейіпкерді күлкіге айналдырамын деп насихаттап жатқанын байқамайды. Бұл жайында психолог маман не айтады?
– Қоғамда адамдардың жыныстық ориентациясына қатысты пікірлер қызу талқылануда. Әрбір адамның жеке таңдауы бар. Оған біз ештеңе дей алмаймыз. Дегенмен бұл ұлттық деградация дер едім. Психиатр маман ретінде олардың бұл әрекетінің себебін түсінсем де, жаратылысқа қарсы келу деп есептеймін. Мұндай тақырыптар да пікір білдірудің өзі ауыр. Бірақ үнсіз қалуға да болмайды. Бұл тақырыпта ашық сөйлесу керек, талқыға түсу қажет. Әйтпесе ешқандай шешімі болмайды. Ал насихаттап жүрген жастарға келер болсақ, қазіргі жасқа ойын арзан, күлкі қымбат, – дейді психолог маман.
Шынымен де бұл тақырып айналасында ауданның бірнеше психологына жүгінгенбіз. Алайда көбі жауап бере алмайтынын айтты. Елдікті, тектілікті жоғалтып алмайық десек, бұл мәселеге қазірден бастап жең түре кіріскен жөн. Тіпті білім ошақтарында да балғындарға түсіндірме сағаттың берілуі де артықшылық етпес. Арнайы сайт, азғындықты насихаттайтын әлеужеліні де бұғаттап тастау қажет. Осының барлығының алдын алмасақ соңынан бармақ тістеп қалмасымызға кім кепіл?


Сарсаңға салған саудагер

Жақында редакция ұжымы ЛГБТ жайлы базар ахуалын білмек болып, сауда-саттық орындарын аралаған болатын. Нәтижесінде көптеген базар орталығы, супер маркет, әсіресе балалар дүкенінде бұл нәрсенің көптеп таралуы анықталды. Мысалы, балалар сүйіп ойнайтын антистресс аталып кеткен ойыншықтың бірі – поп-иттің өзінде кемпірқосақ тәріздес жалау бейнеленген. Басқа да жүрек тектес кемпірқосақ бейнеленген шұлық, жейде, түрлі әшекей, тіпті дәптер мен қаламсапқа дейін бар.
Бірнеше саудагерге «ЛГБТ жалауы бейнеленгенін білесіз бе?» деген сауал қойғанбыз. Алайда олардың ешқайсысы мұнан хабарсыз екендігін айтып, таңғалуда.
– Біз барынша өтімді тауарды алуға тырысамыз. Себебі сауда-саттық жақсы айналымды қажет етеді. Бірақ алып келген заттың қандай мағына білдіретініне мән бермейміз. Біріншіден, бұл зат өзімізден өндіріліп шықпайды. Ал екіншіден, шекарадан Қазақстан аумағына өткен соң, оны стандартқа сай деп танып, сұранысқа ие тауарларды аламыз. Ал сатылымға келер болсақ, оның барлығын біз дүкен сөресінен алып тастағанымызбен, миы уланған жан ғаламтор арқылы тапсырыс берсе де алады, – дейді атын атамауды өтінген дүкен иесі.
Расыменде шекарада өтетін заттың тек заң нормаларын бұзу жағын ғана емес, үлкен-кішіге зиянды, жалпы елге теріс идеология әкелер жағын да мұқият бақылау қажет. Нәпақа қуған саудагерлердің ісіне келер болсақ, ақсақ саясат тауарын сатып, қалта қамын ғана ойламаса екен.


Лағнетке лайық лиуата

Елде бірнеше дін өкілдері бір арнаға тоғысып, бейбітшілікпен өмір сүріп жатқанын жақсы білеміз. Оның ішінде бағзыдан қазақ халқының өмірінде ислам діні басымдылық алып келеді. Бұл мәселе жайлы шариғатта не айтылғаны жайлы білмек болып, «Жанқожа батыр» атындағы орталық мешіттің наиб имамынан пікір сұрадық:
– Жалпы шариғатта еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасқа баруы харам екенін көбі жақсы біледі. Ол азғындықтың ең ауыр түрі. Яғни лағнеттелген ібілістің ісі. Алла тағала Құран Кәрімде былай деген:
«Сол уақытта Лұт қауымына: Сендер жер бетінде өздеріңнен бұрын ешкім істемеген арсыздықты істеп, жан баласы бармаған азғындыққа барасыңдар ма? Сендер әйелдерді қойып, нәпсіқұмарлықпен еркектерге жақындасасыңдар. Сендер шынында шектен шыққан қауымсыңдар», – деп айтқан.
Ал Мұхаммед пайғамбар, оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын:
«Лиуата жасаған адам – малғұн», – десе, келесі хадисінде «Әйелдердің бірі-бірімен жыныстық қатынасқа баруы зинақорлық» деген.
Алла тағала адамзатты, тіпті жануарды да еркегін ұрғашысына және ұрғашысын еркегіне құштарлы етіп жаратқан. Сол себепті бір жыныстылардың өзара жыныстық қатынасқа түсуі адам жаратылысы мен табиғатқа қайшы келеді, – дейді Бахтияр Саламатов.
Жоғарыда айтылғандай әрекетке барған жан тәубе етіп, арсыз әрекетінен бас тартпаса, оның жаназасы оқылмайтынын да айта кеткен жөн. Оның ақыреттегі жазасы да өте ауыр болады екен.


Баланың ертеңіне алаңдаған ата-ана

Қашанда ата-ананың басты міндеті – өмірге әкелген баланы адам етіп, жеткізу және әрдайым солай болмақ. Алайда бүгінгі күннің әкесі мен анасының әуре-сарсаңы белшеден батырады десек артық айтқанымыз болмас. Ғаламторға кіріп, түрлі әлеуметтік желіні ақтарған баланы көргенде, оның болашағына алаңдап, жүрегі тыныштық таппаған әке мен ананы қайтерсің?! Отбасында жұбайы мен 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отырған азаматтың өз ойын тыңдағанбыз:
– Бұл кеселден сақтанудың жолы – әр қазақ өз отбасына, балаларына ие болса. Ұлыңызбен өзіңіз, қызыңызбен анасы ашық сөйлессе. Ежелден адамзаттың жынысқа бөлінетінін, Жаратушы әу баста солай етіп жіктегенін, осынау қауіпті азғындықтың ұлт үшін ауыр қасірет екенін ашық түсіндірсек. Балаңыздың достары кімдер, бос уақытында интернеттен нені көреді, ой әлемінде әлдеқалай бір өзгерістер бар ма деген сияқты бақылауды күшейтсек, – дейді Рахат Ермекбаев.
Әрбір дүниеге келген перзентті өзіміз түзу жолмен жүргізіп, өмірдің бүге-шүгесін түсіндіруіміз қажет. Ең алдымен ақ пен қараны ажыратуды үйреткен жөн.
Серік АҚМЫРЗА

31 мамыр 2022 ж. 463 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031