Бірлесе көтерген жүк жеңіл

Референдумның өтуіне санаулы күндер қалды. 5 маусымда әрбіріміз ел дамуының жаңа кезеңін қалыптастыруға қатысып, үлесін қосуға мүмкіндік туады. Жаңа Қазақстанды құрудағы қадам – үлкен жауапкершілікті талап ететін дүние. Сол себепті барлық жерлестерді игі істе өз үлесін қосуға шақырамын. Аудан тұрғындарының барлығы референдумға белсене қатысады деп ойлаймын.
Жаңа Қазақстанға бірге аяқ басып, өзгерістерді бірге енгізейік. Халқымыздың игілігі үшін жасалып жатқан оң өзгерістерге бір кісідей қолдау көрсетейік.
Рахметолла ӘБЕН,
Ғ.Мұратбаев ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маманы