Биылғы оқу жылында рекорд болды
Қазақстанда оқу жылы мектеп оқушыларының рекорд санымен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бюро мәліметінше, бүгін соңғы қоңырау салтанаты 3 597 159 оқушыға арналған.
"Бұл - кейінгі 20 жылдағы оқушылар саны бойынша ең жоғары көрсеткіш. Оқушылардың басым бөлігі Түркістан облысында - 511 649, Алматы облысында - 453 199 және Алматыда - 314 683. Ең азы - СҚО-да, онда 75 171 оқушы", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ведомство қызметкері жалпы білім беретін мектеп педагогтары саны артқанын атап өтті. 2021-2022 оқу жылында 369 696 болған, ал 10 жыл бұрын мектептерде 306 492 мұғалім жұмыс істеген.
"Жалпы білім беретін мектептер саны, керісінше, жыл сайын қысқарып жатыр. Биыл 7 550 орта мектеп оқушы қабылдаса, бұл көрсеткіш 10 жыл бұрын 7 790 болған еді. Оған себеп - ауылдық жерлердегі мектептердің жабылуы", - делінген статистика бюросы мәліметінде.