Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Банк операторларына клиенттердің жеке деректері берілмейді

Банк операторларына клиенттердің жеке деректері берілмейді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанда келісім базасы жасалғанын, банк операторларына клиенттердің деректері берілмейтінін айтты, - деп хабарлайды 24.kz.

Телеарнаның мәліметінше, енді Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен банктердің операторларына клиенттің жеке деректері смс-код арқылы растау жіберілгеннен кейін ғана қолжетімді болады.

"Осыған дейін клиенттер банкке келген кезде оған өмір бойы дербес деректерін өңдеуге келісім беру туралы кішкентай әріптермен жазылған қағаз берілетін. Бірақ оны ешкім оны назар аударып оқымайтын, тек қол қойып бере салатын. Құжат мұрағатқа кететін. Ендігі уақытта мұндай келісімдердің бәрін цифрлық түрде рәсімделетіндей және базамызға түсетіндей қылып жасадық", - деді министр.

Айтуынша, бүгінде мұндай әдіс мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қолданылып жүр. Оператор клиентке қызмет көрсетпестен бұрын оның телефон нөмірін сұрайды және сол нөмірге смс-код келеді. Код енгізілгеннен кейін ғана оператор дербес деректермен жұмысын бастайды.
25 мамыр 2022 ж. 500 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 98

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930