Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда баспана бағасының өсуі баяулайтыны болжанды

Қазақстанда баспана бағасының өсуі баяулайтыны болжанды

Елімізде тұрғын үйдің бағасына тікелей әсер ететін негізгі факторлар аталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алдымен бағаға әсер ететін ол – инфляция. Екінші фактор – халықтың демографиялық көрсеткіші. Өткен жылы Қазақстанда 450 мың бала дүниеге келді. Бұл рекордтық көрсеткіш. Туу көрсеткішінің өсуіне қарап, қазақстандықтардың болашағына деген нық сенімді байқауға болады. Отбасы мүшелері артқан сайын тұрғын үйдің де аясын кеңейту мәселесі туындайды»,- деді «Отбасы банк» АҚ-ның басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Банк басшысы келтірген мәліметке сәйкес, тұрғын үй бағасына әсер ететін үшінші фактор – әлемдегі әлеуметтік тенденция. «Пандемияға байланысты көп адамның баспана мәселесіне қатысты көзқарасы мен ұстанымы өзгерді. Адамдар қашықтан жұмыс істеуге көшті. Бұл өз үйі болуының маңыздылығын арттыра түсті. Сондай-ақ төртінші фактор – тұрғын үй мәселесін шешуде зейнетақы қорындағы жинақты қолдану мүмкіндігі. Әрине, қазір зейнетақы жинағын қолдану мүмкіндігі төмендеді. Сәуір айының қорытындысы бойынша 20 пайызға азайды. Биылғы жарты жылдағы есеп бойынша елімізде баспана бағасының өсуі баяулайды деп ойлаймын. Бірақ бағаның айтарлықтай төмендеуі мүмкін емес», - дейді ол. Сондай-ақ аталған баспасөз мәслихатында «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдаудың кейінге шегерілгені айтылған болатын.
24 мамыр 2022 ж. 375 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031