Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қойшыбайдың қарекеті

Қойшыбайдың қарекеті

Бұл күнде отбасын асырап, ақша табу үшін қолыңда қос-қостан диплом болу маңызды емес. Бастысы, ерінбей еңбек етіп, кәсіптің көзін таба білу қажет. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз де етікшілік өнерді меңгеріп, нәпақа тауып жүрген өз ісінің нағыз шебері.
Аудан орталығындағы базарда етік жөндеумен айналысатын Қойшыбай Жарылқағанов осы кәсіппен 1997 жылдан бері шұғылданып келеді. Содан бері халықтың жөндеуді қажет ететін аяқ киімдерін қалыпқа келтіріп, жаңартып, тұрғындардың алғысына кенелуде.
– Тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезеңде етік тігудің «әліппесін» Шымкент қаласында базар маңындағы етікшілерден үйреніп алдым. Бір ай бойы солардың жанында отырып, етікшіліктің қыр-сырына қанықтым. Әбден меңгеріп алғаннан кейін, ептеп өзім де аяқ киімдерді ерінбей жөндей бастадым. Әрине, бұл іске ептілікпен қатар, үлкен төзімділік керек. Қолымнан келетінін байқаған соң, базар маңынан шағын шеберхана ашуды ұйғардым. Шеберханаға қажетті құрал-жабдықтарды Шымкент қаласынан сатып әкелдім, – дейді Қойшыбай Әбдірейімұлы.
Сөйтіп, қазіргі таңда өз ісінің шебері атанған ол бір жағынан халыққа пайдасын тигізсе, екінші жағынан отбасын да қаржымен қамтамасыз етіп отыр.
Бүгінгі күні, дипломдары бола тұра «жұмыс жоқ» дегенді желеу етіп жүрген жандар үшін Қойшыбайдың ісі үлгі боларлықтай, әркез «екі қолға – бір күректің» табылатындығына дәлел. Қандай да болмасын бір кәсіппен шұғылдану жұмыссыздықтан, мұқтаждықтан, одан қалса, зерігуден құтқаратындығы белгілі. Етікші азамат та осыны құптайды.
Етікшінің айлық табысы анау айтқандай көп емес. Алайда, бір отбасын асырауға жеткілікті. Оның жұмысы қыс мезгілінде ерекше сұранысқа ие.
– Қазір қол қусырып, бос отыруға болмайды. Қандай кәсіпті болса да, қолдан келгенінше мінсіз атқару қажет. Ең бастысы, бір тиын тапсаң да, адал еңбекпен табуға дағдыланайық. Балаларыма да үнемі осыны айтып отырамын. Жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, үкіметке ай сайын салық төлеп отырмын, – дейді ол.
Қойшыбай Әбдірейімұлы отбасында зайыбы Ақерке Аяғанова екеуі бір ұл, бір қызға үлгілі тәлім-тәрбие беріп отырған сабырлы да салмақты отағасы. Міне, кәсібін нәсібіне айналдырған осынау намысты қарапайым жанның өмірі кімге болса да үлкен өнеге.
Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ
16 сәуір 2018 ж. 1 200 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930