Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде азық-түлік бағасы қалай бақыланады

Елімізде азық-түлік бағасы қалай бақыланады

Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне сәйкес, республика бойынша ӘМАТ қоры шамамен 744 мың тоннаны құрайды. Үкіметтің цифрлық кеңсесінде ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын ұстап тұру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өңірлер бойынша ең жоғары баға өсімі өткен аптада Қарағанды облысында 0,4%, тағы 11 өңірде – Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында, Маңғыстау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстарында 0,3% тіркелді.

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаевтың айтуынша, «айналым схемасы» құралының мониторингі бекітілген қаржыландыру жоспарының толық қамтылмағанын көрсетеді.

Салалық ведомство бөлшек сауда объектілерінің рұқсат етілген сауда үстемесін сақтауы бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіруді жалғастыруда. Өткен аптада рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде үй маңындағы 33,6 мың дүкен немесе сауда объектілерінің 78,9%-ы қамтылды, 424 бұзушылық анықталды. Соның нәтижесінде сауда үстемелері 15%-ға төмендеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне сәйкес, республика бойынша ӘМАТ қоры шамамен 744 мың тоннаны құрайды, оның ішінде «айналым схемасы» аясындағы қорлар – 108 мың тонна, тұрақтандыру қорларында – 25,6 мың тонна және 52,9 мың тоннаға форвардтық келісімшарттар жасалды.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдіктермен бірге өңірлер арасында ауыл шаруашылығы өнімдерінің қажеттіліктерін ескере отырып, оларды жедел тәртіппен жеткізіп отыру үшін өндіріс пен тұтыну теңгерімін тұрақты негізде өзектендіру тапсырылды.

«Бүгінгі таңда оңтүстік өңірлерде көкөністердің кейбір түрлері пісіп жатыр. Бағасы өсіп жатқан көкөністерді жеткізуге келісімшарт жасау қажет. Сонымен қатар күзде тұрақтандыру қорларында салыстырмалы түрде төмен бағамен қажетті азық-түлік көлемі болуы үшін форвардтық сатып алу бойынша қаржыландыруды арттыру қажет. Бұл жұмысты бүгіннен бастап жүргізген жөн», – деді Ә. Смайылов облыс әкімдеріне.

Сонымен қатар Премьер-министр Сауда және интеграция министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп, сауда үстемесін, әсіресе, оны көтерме сауда орындарында бақылауға ерекше назар аударуды, сондай-ақ «айналым схемасын» қаржыландыруды 100% нысаналы деңгейге дейін жеткізуді тапсырды.

«Инфляция мәселелері халықтың әлеуметтік көңіл-күйіне әсер етеді, ол күнделікті бақылауда болуы тиіс. Әкімдердің осы бағытқа жетекшілік ететін орынбасарлары жағдайды бақылап, тиісті шаралар қабылдауы қажет. Бізде қажетті құралдар бар», – деп түйіндеді Әлихан Смайылов.
11 мамыр 2022 ж. 510 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 102

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930