Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үш өңірде азық-түлік арзандады - үкімет

Үш өңірде азық-түлік арзандады - үкімет

Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мәселелері бойынша кеңес өткізді, - деп хабарлайды primeminister.kz
Өткен аптада бағаның төмендеуі еліміздің үш облысында - Нұр-Сұлтан қаласы, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында тіркелді.
Ең көп өсім Түркістан облысында және Алматы қаласында байқалды. Атап айтқанда, қырыққабат 0,7 пайызға, қарақұмық жармасы, айран 0,4 пайызға, сүт, тұз 0,3 пайызға қымбаттады.
Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов алдағы мереке күндерін ескере отырып, бағаны қадағалау, тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және сауда желілерімен жұмыс жасауды күшейтуді әкімдіктерге қатаң тапсырды.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарықта тапшылықтың алдын алу және бағаны тұрақтандыру мақсатында мал мен көкөніс экспортына шектеу қою жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ауыл шаруашылығы министрлігі шектеулер күшіне енгенге дейін ішкі нарықтағы жағдайды күнделікті бақылап, талдау жүргізеді.
"Өңірлер бағаны белгілеу және делдалдық тізбектерді талдау бойынша өңірлік комиссиялардың жұмысын белсенді жүргізу және ӘМАТ бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуі қажет", - деді Смайылов.
Монополияға қарсы органның ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері өндірушілер мен көтерме жеткізушілерге қатысты 111 ескерту жіберіліп, 16 тексеру тағайындалды, бұзушылықтарды жою туралы 20 ұйғарым, 11 ескерту, өндірушілер, көтерме жеткізушілер және бөлшек сауда желілерімен 186 монополияға қарсы заңнаманы сақтау актісі қабылданды. Сауда үстемеақысының 15 пайыздан асуы бойынша 75 жағдай тіркелді.
11 желтоқсан 2021 ж. 592 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 118

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 106

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930