Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Референдум туралы" заң жобасы сенаттан мәжіліске қайтарылды

"Референдум туралы" заң жобасы сенаттан мәжіліске қайтарылды

Сенат "Референдум туралы" заң жобасына енгізілетін өзгерістерді Мәжіліске қайтарды. "Тұңғыш Президент Қазақстанның негізін қалаушы" деген норманы Конституциядан алып тастаудың қадамдары басталып кетті, деп жазады inbusiness.kz.
Сенатор Ләззат Сүлейменованың айтуынша, Реформалар жөніндегі комиссия Конституцияның 91 бабының 2 тармағындағы Тұңғыш президенттің рөлін Конституцияда белгілеу қажет деген ұсынысты енгізген. "Конституцияның 33 бабына енгізілетін өзгерістердің бәрі қарауға ұсынылды. Біздің кешегі алған ақпаратымызға сәйкес, осы реформалар комиссиясы Бірінші президенттің рөлі түсінікті, сондықтан оны Конституцияда белгілеу қажет емес деген ұсыныс берген екен. Оны Конституциялық кеңес кеше қолдап, қорытындысын шығарды", - деді сенатор Ләззат Сүлейменова бүгінгі отырыстан кейін. Осы себепті сенаторлар Конституциялық кеңестің ұсынысын ескеріп, Сенат қайтадан заң жобасының редакциясын қарап, Мәжіліске жіберді.

05 мамыр 2022 ж. 759 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031