Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елбасының тағы бір өкілеттігі тоқтатылады

Елбасының тағы бір өкілеттігі тоқтатылады

Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары бойынша әзірленетін бастамалар Елбасымен келісілуге тиіс деген норманы "Тұңғыш Президент туралы" Заңнан алып тастау туралы шешім қабылданды.

Сенаторлар Мемлекет басшысы лауазымына сәйкес Қауіпсіздік Кеңесі мен Қазақстан халқы ассамблеясын басқаруға тиіс деген заңға енгізілген түзетулерді қолдады. Сонымен қатар, Сенатта заң жобаларын қарау нәтижесінде, депутаттар қосымша тағы бір түзету ұсынды. Оған сәйкес мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары бойынша әзірленетін бастамалар Елбасымен келісілуге тиіс деген норманы «Тұңғыш Президент туралы» Заңнан алып тастау туралы шешім қабылданды.
Осылайша, Сенат бұрын заңнамаға енгізілген өзгерістерді тұжырымдамалық түрде қолдай отырып, заң жобасын осы түзетумен Мәжіліске қайтару туралы шешім шығарды. “Елбасы туралы” заңның барлық өзге нормалары өзгеріссіз қалды.
«Сенаторлар заңнамаға енгізіліп отырған мемлекетіміздің Қауіпсіздік Кеңесін, Қазақстан халқы ассамблеясын Мемлекет басшысы өзінің қызметіне сәйкес басқаруы тиіс деген өзгерістерді қолдады. Сонымен қатар заңды талқылау барысында бір норма енгізіліп отыр. Ол – «Тұңғыш Президент туралы» заңнан мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты бастамаларды Елбасымен келісілуге тиіс деген норма алып тасталып отыр. Сондықтан да Сенат заңнамаға енгізілген өзгерістерді тұжырымдамалы түрде қолдап, бір өзгеріспен Мәжіліске қайтарып отыр», – деді сенатор Ләззат Сүлеймен.
27 қаңтар 2022 ж. 580 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 141

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 135

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031