Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Екі ауылдың арасындағы жол жөнделуде

Екі ауылдың арасындағы жол жөнделуде

Биыл Қазалы ауданына қарасты Бекарыстан би ауылынан Жаңақұрылыс елді мекеніне баратын ұзындығы 12,3 шақырым жолға жөндеу жұмыстары басталды.
Бірінші кезекте аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға жол бойындағы маңызды нысандардың бірі темір көпірге жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.
Қазіргі таңда мердігер мекеме «Нұрас и К» ЖШС жолды асфальттау жұмыстарын бастап кетті. Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап құрылыс басына арнайы барып, серіктестік басшыларымен кездесті.
Кездесуде Мұхтар Әуесұлы мердігер мекеме «Нұрас и К» ЖШС директоры Нүркен Ботабаев пен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтановқа жол құрылысын сапалы жүргізіп, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Айта кетейік, екі елді мекен арасындағы бұл жолдың қос аудан тұрғындары үшін маңызы жоғары. Күн сайын осы жол арқылы көршілес Арал ауданының мыңдаған жолаушылары жүріп өтеді.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
04 мамыр 2022 ж. 511 0

Отаныңа қызмет ет!

09 мамыр 2025 ж. 123

Қимылдаған, қыр асады

08 мамыр 2025 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031