Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы: Екі ауылдың арасындағы жол жөнделуде

Қазалы: Екі ауылдың арасындағы жол жөнделуде

Биыл Қазалы ауданына қарасты Бекарыстан би ауылынан Жаңақұрылыс елді мекеніне баратын ұзындығы 12,3 шақырым жолға жөндеу жұмыстары басталды.

Бірінші кезекте аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға жол бойындағы маңызды нысандардың бірі темір көпірге жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.

Қазіргі таңда мердігер мекеме «Нұрас и К» ЖШС жолды асфальттау жұмыстарын бастап кетті.
Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап құрылыс басына арнайы барып, серіктестік басшыларымен кездесті.

Кездесуде Мұхтар Әуесұлы мердігер мекеме «Нұрас и К» ЖШС директоры Нүркен Ботабаев пен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтановқа жол құрылысын сапалы жүргізіп, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Айта кетейік, екі елді мекен арасындағы бұл жолдың қос аудан тұрғындары үшін маңызы жоғары. Күн сайын осы жол арқылы көршілес Арал ауданының мыңдаған жолаушылары жүріп өтеді.
03 мамыр 2022 ж. 754 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 116

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 115

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 112

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 99

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930