Дәрігерлердің жалақысы көбейеді
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттерімен кездесуде айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният және ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының басшысы Д-р Ханс Клюге бірлесіп, медицина университетінің студенттерімен кездесу өткізді. Жиында министр медицина қызметкерлерін материалдық қолдау және дәрігер мамандығының мәртебесін арттыру шаралары туралы айтты.
Оның айтуынша, жыл сайынғы дәрігерлердің жалақысын арттыруды ескере отырып, 2023 жылы оны 550 мың теңгеге дейін ұлғайту қарастырылған. Бұл экономика бойынша орташа жалақымен салыстырғанда 2,5 есе жоғары.
Сонымен бірге Ажар Ғиният медициналық студенттерге арналған гранттар мен стипендиялардың құнын арттыру, ауылдық жерлерге жұмыс істеуге келген медициналық жоғары оқу орындарының түлектері үшін әлеуметтік пакетті жақсарту туралы да сөз қозғады
Бүгін осы залда болашақ дәрігерлер жиналып отыр. Сіздердің араларыңызда денсаулық сақтаудың дамуы мен өркендеуіне өз үлесін қосатын көшбасшылар болатынына сенімдімін, - деді Денсаулық сақтау министрі жастарға арнаған сөзінде.
Денсаулық сақтау министрі Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп, медициналық-санитарлық алғашқы көмектің денсаулық сақтау жүйесінің қызметін қамтамасыз етудегі жетекші вектор болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын айтты.