Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан "мүгедек", "соқыр", "саңырау", "мылқау" деген терминдерден бас тартты

Қазақстан "мүгедек", "соқыр", "саңырау", "мылқау" деген терминдерден бас тартты

Сондай-ақ оңалту, мүгедектіктің алдын алу қызметтерін біріздендіру мақсатында "абилитация" түсінігі енгізілді. Қазақстанда енді мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты "мүгедек" емес, "мүгедектігі бар адам" термині қолданылады. Парламент мәжілісі мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Заң жобасына сенат пен мәжілістің бір топ депутаты бастамашылық жасады. Заң жобасы бойынша 75 заңнамалық актіге, яғни 11 кодекс және 64 заңға өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.
"Заң жобасында мүгедек адамдарға қатысты дискриминацияға жол бермеу мақсатында бірқатар нормалар енгізіліп отыр. Оның ішінде, "мүгедек", "мүгедек бала", "Ұлы Отан соғысының мүгедегі" деген сөздер тиісінше "мүгедектігі бар адам", "мүгедектігі бар бала" және "Ұлы Отан соғысы кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы және ауруы салдарынан мүгедектігі бар адам" деген сөздермен ауыстырылады", - деді депутат Елнұр Бейсенбаев.
Мысалы, оның айтуынша, әлемдік тәжірибеде "рeople-first language" деген түсінік бар, яғни, бірінші кезекте оның адам баласы екеніне мән беріліп, кейін оның ауру-сырқаты жөнінде айтылуы қажет.
Сондай-ақ заң жобасымен жұмыс істеу барысында депутаттар "соқыр", "саңырау", "мылқау" деген терминдерді "көру қабілетінен толық айырылған адамдарға", "есту қабілетінен толық айырылған адамдарға", "сөйлеу қабілетінен толық айырылған адамдарға", "мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы" деген терминді "мүгедектігі бар адамның абилитациясы және оны оңалтудың жеке бағдарламасына" өзгерту жөніндегі заң жобасының тұжырымдамасына сәйкес келтіруге бағытталған түзетулер енгізді.
Сонымен қатар, оңалту, мүгедектіктің алдын алу және осы бағыттағы атқарылып жатқан қызметтерді біріздендіру мақсатында "абилитация" түсінігі енгізілді. Абилитацияның сапалы ұйымдастырылуы, медициналық реабилитациядағы ем-домның сапасын едәуір көтеретін әлеуметтік-психологиялық, медициналық көмек. Аталған норма БҰҰ конвенциясына сәйкестендірілді.
27 сәуір 2022 ж. 528 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 101

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930