Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүгедек баланы күтушілердің еңбек өтілін есептеу ұзарды

Мүгедек баланы күтушілердің еңбек өтілін есептеу ұзарды

Сенаторлар бүгін ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қорғауды күшейтуге қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Онда мүгедектігі бар балалар мен олардың отбасыларына ерекше назар аударылып отыр.
Мысалы, I топтағы мүгедектігі бар балаға күтім жасаушылар алғаш рет жәрдемақы алатын болады. Сенатта айтылған ақпарат бойынша, қазір елімізде бірінші топтағы мүгедектігі бар 66 мың адам бар. Сонымен қатар, еңбек өтіліне есептелетін күту мерзімі де артады. Ол қазіргі кезде 16 жасқа дейін болса, енді 18 жасқа дейін болады.
«Бүгінгі күні «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн еңбек өтілін есептеу кезiнде 16 жасқа дейiнгi мүгедек баланы бағып-күткен уақыт есепке алынады. Заң жобасында еңбек өтілін есептеу уақытын 18 жасқа дейін ұзарту көзделген. Бұл шара, зейнеткерлік жасқа келген адамдарға мемлекеттік базалық зейнетақысын және жасына байланысты зейнетақы төлемін алу кезінде еңбек өтілін толық ескеруге мүмкіндік береді», – деп атап өтті сенатор Нариман Төреғалиев өз баяндамасында. Осылайша, бүгін сенаторлар мақұлдаған әрі екінші оқылымда қарауға жіберілген заң жобасы еліміздегі 400 мыңға жуық азаматтың құқықтарын қорғауды жақсартуға мүмкіндік береді.
16 қыркүйек 2021 ж. 458 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 31

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930