Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сәкен тағы топ жарды

Сәкен тағы топ жарды

15 наурыз күні Шиелі ауданында Қазақстанның халық әртісі, Халық Қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай «Қазақтың әнші бұлбұлы» атты облыстық әншілер конкурсы болып өтті. Қазақ өнеріне қайталанбас із қалдырып, өмірінің 70 жылынан астамын сахнада өткізіп, әлемнің 50-ден аса елінде болып, 25 тілде ән шырқаған күміс көмей жерлесіміздің есімі бүгінде әлемнің көптеген елдеріне таныс. Қазақ ән өнерін асқақтатып, дәстүрлі мәдениеті мен кәсіби бағытта өркендеп, әлемдік аренаға шығуына өлшеусіз үлес қосқан жезтаңдай әншінің есімін жаңғыртып, өнерін ұрпаққа насихаттауға бағытталған конкурсқа облыстың барлық жерінен кәсіби әншілер бақ сынады.
Облыстық жарысқа ауданның үкілеген үмітін арқалап барған бірнеше облыс, республика, халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген талантты әнші Сәкен Кермеш қатысты. Ол алғашқы кезеңде Роза Бағланованың репертуарынан Е.Хасанғалиевтің “Әдемі-ау” әнін нақышына келтіре шырқаса, екінші кезеңде орыс композиторы Василий Соловьев-Седойдың “На солнечной поляночке “ әнін орындады. Орындаушылық шеберлік, сахна мәдениеті сынға түскен байқауда Сәкен әділ қазылар мен көпшілікті тәнті еттіріп, бас жүлдені қанжығалады.
Бірінші орын аралдық Назерке Сәрсенбаеваға бұйырса, екінші орынды шиелілік Айгүл Еркінбайқызы мен жаңақорғандық Алимұса Сұңқар алған. Үшінші орынды шиелілік Сафуан Көрегенов, аралдық Дәулеткерей Қуантқанов иеленген.
– Әр жарыстың өзіндік салмағы болады. Конкурс өтетінін естігеннен бас­тап, қызу дайындалдым. Алайда лайықты орын алмау Роза Тәжібайқызы туған жерде өскен маған сын болар еді. Сондықтан ерекше рухта болғанымды жасыра алмаймын, – дейді бізбен әсерін бөліскен Сәкен Қуантқанұлы.

Серік АҚМЫРЗА
18 наурыз 2022 ж. 728 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930