Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл елдегі колледждерге 31 мың грант бөлінеді

Биыл елдегі колледждерге 31 мың грант бөлінеді

Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
Оның айтуынша, оқу гранттарының саны жыл сайын колледждерде де көбеюде.
Биыл колледждерге бөлінетін грант саны рекордтық 31 мыңға өсіп отыр. Оның 70%-ы – техникалық мамандықтарға беріледі. Колледждерге оқуға қолжетімділікті кеңейту үшін емтихандарды алып тастадық. Сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға арнайы квота енгізіліп отыр. Ал гранттар бұрынғыша әр колледжге берілмейді. Нақты талапкер тиісті грантты жеңіп алып, ол студент қай колледжді таңдаса, грантқа тиесілі ақша да сол оқу орнына берілетін болады, - деп түсіндірді ведомство басшысы.

Сәйкесінше, бұл шара колледждер арасындағы бәсекелестікті арттырады деп отыр. Ал университеттер деңгейінде гранттар саны 15 мыңға көбейеді. Сонымен қатар қыркүйек айынан бастап университет қабырғасында білім алатын студенттердің шәкіртақысы да өседі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Білім және ғылым министрі биыл елімізде техникалық мамандықтарға бөлінетін грант 60%-ға артқаны туралы айтқан болатын.

#министр #Үкімет отырысы #грант #Асхат Аймағамбетов #колледждер #техникалық мамандықтар
19 сәуір 2022 ж. 310 0

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 76

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 87

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 59

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 93

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 100

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031