Интернет дейтін базар бар...
Қазір базарға шығып, қап көтермей-ақ ақша айналдыруға, сауданың шырайын кіргізуге болады. Ол үшін интернет пен әлеуметтік желіні еркін меңгерсеңіз болғаны. Заманауи үрдістерге бейімделген біраз жас қазір осыны кәсіп қылып жүр. Айтпағымыз интернет сауда жайында.
Қазір кез келген кәсіп түрі онлайн қызмет көрсетуге кіріскен. Бұл, әрине, адамдар үшін тиімді. Тіпті сарапшылардың айтуынша, соңғы уақытта онлайн сауда бірнеше параметр бойынша дәстүрлі саудадан асып түсе бастаған.
Сарапшылардың сөзінше, 2022 жылдың соңында еліміздің электронды коммерция нарығы 928 миллирд теңгеге бағалануы бек мүмкін. Ұлттық экономика министрлігі сауданы дамыту департаментінің директоры Айжан Бижанованың айтуынша, 2023 жылға таяу әлемдік электронды сауда нарығы 2,8 триллион долларға жетеді. «Электронды сауданың өсімі пропорционалды түрде дәстүрлі сауданың үлесін кеміте бермек. Енді бұдан былай тұтынушы үшін күрес бұрынғыдан да қатаң, бәсекеге толы жүреді. Сондықтан интернет дүкендеріміз бен электронды алаңдарымыз өзін әркез дамытып, заманға бейімделіп отыруы тиіс» дейді маман. Электронды сауда кәдесі базар саудасын басып озуы ықтимал деген сөзбен келісуге де болатын сияқты. Себебі, мұны дәлелдейтін дерек те бар. Министрлік мәліметінше, 2020 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі электронды сауданың құны 269 миллиард теңгеге жетіп, сатып алушы адам саны 2,3 миллион адамға жақындаған.

Электронды коммерция нарығының қарқын алуы ендігі кезекте жаңа әрі қуатты жұмыс орындарын құруға да мүмкіндік бермек. 2025 жылға таман қазақстандық интернет нарық арқылы сатып алу көлемі 500 миллиард теңгеге дейін жетіп, бұл көрсеткіш жалпы көтерме сауданың 5 процентін құрайды деген болжам бар. Премьер-министр Асқар Маминнің өзі шілде айында электронды коммерция аясында логистикалық компаниялардан түсетін табыс көлемі 1,3 триллион теңгеге дейін артуы тиіс екенін айтқан. Тиісінше, алда жаңа жұмыс орындары ашылады.
Азаматтар көбіне интернет арқылы киім, аяқкиім, тамақтану өнімдері, дәрілік препараттар, тұрмыстық пайдалану мүліктерін сатып алады. Сонымен қатар интернет арқылы фильм, музыка жүктеп алатын пайдаланушылар саны да арта түскен. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, интернет арқылы ең көп көрсетілген қызмет түрі – түрлі ойын-сауық шараларына билеттер тарату, саяхаттау үшін арнайы брондау жасау, телекоммуникациялық, қаржылық және сақтандыру қызметтері болып саналады. Әрине, бұл қызметтерді пайдалану үшін азаматтар көбіне картадағы қаражатын онлайн түрде жолдайды. Жалпы, қазақстандықтар қазір ай сайын төлем картасы арқылы триллион теңгеден астам ақша жұмсай бастаған. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық кеден құжаттарын рәсімдеуді жеңілдетуге бағытталған заңға қол қойған болатын. «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсеновтің айтуынша, ол 1 700-ден астам қазақстандық интернет-кәсіпкерлерге үлкен көмегін тигізбек. Енді электронды коммерция нарығындағы қазақстандықтар өз өнімін шет мемлекеттерге де еркін сата алады.
– 2019 жылдың сәуір айына дейін біздің интернет-дүкендер тауарларын өзге елдердегі сатып алушыларға жібере алмай келген еді. Жіберу үшін әр тауарға қатысты кеден декларациясын рәсімдеп, кеден органдарында арнайы төлем жасауы тиіс болатын. Енді кеден декларациясы ретінде «Қазпошта» дайындайтын пошта құжаттарын тегін пайдалана беруге болады, – дейді Сәкен Сәрсенов.
Қазір нарықта 2000-нан астам интернет-дүкен жұмыс істесе, соның 68 проценті – тауар саудасымен, ал 32 проценті қызметтер түрін ұсынумен айналысады. Тауарлар арасында құрылыс материалдары, тұрмыстық техникалар, косметика, киім танымалдылыққа ие. Электронды нарық аясы жылдан жылға кеңейіп келе жатыр. Әлеуметтік желі арқылы өз өнімдерін жарнамалап жатқандар да, арнайы интернет-дүкен ашып кәсіп қылғандар да жетерлік. «Қазпошта» АҚ электронды сауда жөніндегі атқарушы директоры Асқарбек Алшанбаевтың айтуынша, интернет-дүкен ашу үшін ескеру керек бірнеше мәселе бар.
Ал белгілі блогер, IT маманы Нұрлан Жанайдың айтуынша, онлайн сауда жүргізу үшін адамда ерекше қабілет болуы шарт.
– Онлайн сауданың офлайн саудадан айырмашылығы – клиентті көзбен көрмейсің. Базардағы саудагерлер адамды сөзбен баурап, қасына шақырып, сендіріп, көндіріп тауарын сатып жібереді ғой. Ал онлайнда олай ету мүмкін емес. Тек жазумен ғана адамның көңілін баурай аласың. Адамдар қазір қоңырау шалуға да ерінеді. Ватсап мессенджеріне жазады. Сол кезде өте сауатты, ұқыпты жазып, тауарының артықшылықтарын, адамға керегін түсіндіріп жаза алу өте маңызды. Смайликтерді де орнымен қолдану керек. Біреулер қолданғанның жөні осы екен деп көзінде жүрек жанып тұрған стикерлерді қоя береді. Бұл – дұрыс емес, – дейді маман.
Оның сөзінше, білімсіз онлайн сауданы шырқ үйіріп кетемін деу – қиынның қиыны. Себебі, клиенттердің де сауаты өте жоғары. Олар да тауар иесінің маркетингтік қадамы мен қабілетін бағалай алады дейді.
– Әлеуметтік желіні терең зерделеу өте маңызды. Сол жерде отыратын адамдардың психологиясын біліп, меңгеру қажет. Онлайн саудада тауарыңнан бұрын әрбір сөзіңді сата алатын қасиет болғаны жөн. Содан кейін айтарым – SMM мүмкіндіктерін де меңгеру өте маңызды. Инстаграмнан парақша ашып алып, таңнан кешке дейін тауардың суретін сала беру – SMM емес. Мен өз тренингтерімде бұл саланың қыр-сырын барынша үйретіп жүрмін. Келіп, қатысып, тыңғылықты білім алып, оны жақсы мақсатқа пайдаланып жүргендер баршылық. Сондықтан қандай да бір сауда, бизнес бастамас бұрын оны жүргізуге қатысты кеңес, білім алу артық етпейді, – дейді Нұрлан Жанай.
Рас, ресми тіркелген интернет-ресурстардан бөлек, өз бетінше кәсіп ашып, әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы тауарын жарнамалап жүргендер жетерлік. Өз кезегінде мұның заңдық қыры да бар екені түсінікті. Ойды ой қозғайды… Интернет арқылы түрлі ұтыс ойындарын өткізу де қазір кең етек алды. Оның қаншалықты заңды не заңсыз екені белгісіз. Бірақ бұлда онлайн сауда іспетті. Сіз қалай ойлайсыз?
Нұр БАҚЫТ