Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Төрт түлікті түгендесек...

Төрт түлікті түгендесек...

Қазақ мал бағуға шебер халық. Әсіресе ауылдық жерде әр үйден жоқ дегенде екі ешкі отарға қосылады. Ата-бабадан қалған бұл шарушалықтың бабын табуға қазалылықтар да епті. Десе де төрт түліктің түрлі ауруы бар. Оларға дер кезінде екпе егіп, алдын алу жұмыстарымен айналысатын мекеме мамандарының мәліметі мынадай.
Қазалы аудандық ветеринариялық станциясы вертикальды басқару жолымен облыстық ветеринариялық басқармасына қарайды. Мекеме жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларына қарсы егу және диагностикалық тексеру жұмыстарын жүргізеді. Мал иелерінің есебінен ішкі жұқпайтын мал ауруларын емдеу, ветеринариялық мақсаттағы препараттарды сату, дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау, ветеринариялық медициналық қалдықтарды жою қызметтерімен айналысады. Ауыл шаруашылығы жануарларының 13 түрлі аса қауіпті жұқпалы ауруларына қарсы ветеринариялық-профилактикалық және 3 түрлі ауруға диагностикалық іс-шаралар жұмыстарына республикалық бюджет есебінен қаржы қаралып, жоспары бекітілген. Жаз айларында кездесетін цефалафиноз, тейлериоз (өттеу) аурулары туралы халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргіздік дейді бөлім мамандары. Облыстық ветеринария басқармасынан профилактикалық іс-шаралардың 12 айлық жоспарына сәйкес бөлінген вакциналар мен ветеринариялық препараттар толық жеткізіліп, барлық іс-шаралар орындалғандығында атап өтті. Ауданы бойынша компьютерлік дерек қор жүйесінде 43388 мүйізді ірі қара, 94746 уақ мал, 39800 жылқы, 11607 түйе бар. Жыл басында ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің 2021 жылға арналған жоспары жасалып, соған сәйкес ауылшаруашылық жануарлары бірдейлендірілген.
Мал маршуашылығы саласындағы маңызды мәселенің бірі – мал қорымы. Аурудан немесе жазатайым жазым болған төрт түліктің өлексесін қайда, қалай тастаймыз? Осы орайда бүгінгі таңда кент, қала, ауылдық округті қосқанда барлығы сегіз мал қорымы бар екенін білдік. Типтік жобадағы мал қорымдарына өлекселер салынады. Биотермиялық шұңқырларды айына бір рет Қазалы аудандық ветеринариялық станциясы дезинфекция шараларын жасайды.
Шәкен, Аранды, Тасарық, Майлыбас, Құмжиек, Арықбалық ауылдық округтерінде мал тоғыту ванналары салынып, пайдалануға берілген. Көктемгі маусымда 18200 бас уақ малдар тоғытылған.
– Жергілікті тұрғындар арасында көне көз қариялардың айтуымен ауданда белгіленген 10 сібір жарасы көмінділері анықталды. Күйдіргінің алдын алу бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитарлық-эпидемиялогиялық талаптарға сәйкес қоршап, белгі қоюға байланысты аудан әкімінің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссия отырысы өткізілді. Нәтижесінде 6 сібір жарасы ошағын қоршау жұмыстары аяқталып, қауіпсіздік сілтемелері орнатылды. Аудандық жер қатынастар бөлімінің хатында көрсетілгендей үшеуі орман қорығының санатында орналасқандығы белгілі болды. Олар Шәкен ауылдық округіне қарасты «Түрікпен» және «Ақиін», Тасарық ауылдық округіне қарасты «Ақшабатыр» учаскелеріндегі сібір жарасы ошақтары. Майлыбас ауылдық округіне қарасты «Жалғасбай» учаскесінде «Сібір жарасы» көміндісі қоршалып, қауіпсіздік сілтеме қойылды. Алайда, жер актісі алынған жоқ. Себебі, аталған жер жалға алынған Ресей жерінде орналасқандықтан облыс әкімінің атынан Байқоңырдағы «РОСКОСМОС» басқармасының басшысына хат жолданып, жауап алынды. Бұл мәселе мемлекет аралық келісіммен шешілетін болады. Сібір жарасы ауру ошақтарының қауіпсіздік сілтемелеріндегі жазулары қайтадан жазылып қалпына келтірілді. Бүгінгі таңда эпизоотиялық ахуал тұрақты, – дейді аудандық ветеринария станциясының директоры Болат Әміреев.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
09 сәуір 2022 ж. 434 0

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 28

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031