Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Премьер-министр Қызылорда облысының активіне жаңа әкімді таныстырды

Премьер-министр Қызылорда облысының активіне жаңа әкімді таныстырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қызылорда облысына жұмыс сапарымен ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу барды. Өңірде олар облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлихан Смайылов мәслихат депутаттарына ҚР Президентінің Қызылорда облысының әкімі лауазымына Нұрлыбек Нәлібаевты тағайындау жөніндегі ұсынысын жеткізді. Депутаттар ұсынылған кандидатураны қолдады.

Актив отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Гүлшара Әбдіқалықоваға облысты дамыту, маңызды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және әлеуметтік саланы нығайту бойынша атқарған белсенді жұмысы үшін алғыс айтты.

«Гүлшара Наушақызы екі жылға жуық туған өңірінде қажырлы еңбек етті. Бірқатар маңызды жобалар іске асырылып, Қызылорда облысы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Мемлекет басшысының және өзімнің атымнан Сізге облысты дамытуға қосқан үлесіңіз үшін алғыс білдіремін», — деді Әлихан Смайылов.

Жаңа әкімді таныстыра отырып, ҚР Премьер-Министрі Нұрлыбек Нәлібаевтың жауапты мемлекеттік лауазымдардағы, соның ішінде Шиелі ауданы мен Қызылорда қаласының әкімі қызметіндегі жоғары кәсібилігі мен үлкен жұмыс тәжірибесін атап өтті.

Әлихан Смайылов облыс басшылығына Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауында айтылған жаңа міндеттерді іске асыру, оның ішінде тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мақсатында белсенді түрде жұмыс істеу керектігін атап өтті. Осы орайда, Премьер-Министр ағымдағы проблемалық мәселелерді жедел шешіп, шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет екенін атап өтті.

«Тарихы тереңнен басталатын Қызылорда өңірінің дамуына Мемлекет басшысы әрдайым ерекше мән береді. Облыстың ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және тағы да басқа салаларда потенциалы өте зор. Біз бірінші кезекте халықтың әлеуметтік жағдайын, тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған нақты шараларды жүзеге асыруымыз тиіс. ҚР Президентінің биылғы Жолдауында осы мәселеге айрықша назар аударылған. Сондай-ақ облыста біраз жиналған мәселе барын жақсы білеміз. Әсіресе, су мәселесі өзекті болып отыр. Мұны шешу үшін Үкімет көршілес елдермен келіссөздер жүргізіп, тиісті шараларды бірлесе атқаруда. Жағдайды ерекше бақылауда ұстаймыз. Жаңа облыс әкімі Үкіметке барлық проблемалық мәселелерді реттеу бойынша тиісті ұсыныстар енгізуі керек», — деп түйіндеді ҚР Премьер-Министрі.
07 сәуір 2022 ж. 267 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930