Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде жастардың жұмысқа тұруы жеңілдеуі мүмкін

Елімізде жастардың жұмысқа тұруы жеңілдеуі мүмкін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жастарды қолдау үшін Еңбек кодексіне өзгерістер енгізуді ұсынды.Оған сәйкес, заңда "жас қызметкер" ұғымы пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды Экспресс К.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов жаңа өзгерістер жастардың жұмысқа орналасуын барынша жеңілдететінін айтады.
"Біз жұмысқа орналасқан жас мамандар үшін қойылатын "сынақ мерзімі" деген норманы алып тастауды ұсынамыз. Себебі қазір кей жұмыс берушілер жас қызметкерді жұмысқа алады да, 3 айдан кейін шығарып жібереді. Бұл жастар үшін кедергі. Сондықтан біздің ұсыныс Еңбек кодексіне енетін болса, талай жастың жұмысқа орналасуы жеңілдейді", — дейді вице-министр.
Еңбек министрілінің ұсыныс бойынша, егер жас маманның қабілеті мен біліктілігі жетпей жатса, онда оны қосымша оқытып, жұмыста алып қалуға әрекет жасауы қажет. Яғни жұмысқа енді келген қызметкерді еш негіссіз шығаруға болмайды.
Біз бұған дейін Маңғыстауда мектепке жұмысқа тұру үшін ақша берген жас маманның қалай алданып қалғаны туралы жазған едік.
30 наурыз 2022 ж. 229 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031