"Жаңа Қазақстанның" жаңғыру жолы
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауында елдің саяси жүйесін жаңғырту мəселесі баяндалып, "Күшті Президент - Ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет" формуласын берік ұстану арқылы мемлекетті демократияландыру үдерісіндегі Президенттің өкілеттілігін қысқарта отырып, Парламенттің төменгі палатасының құзыретін жоғарлату, елдің тұрақты жан-жақты дамуына əкеліп, ішкі саяси тұрақтылықты сақтайтыны сөзсіз.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өзгерістер туралы айтты, Бұл уақыт тарих беттеріне жазылып, ел дамуының жаңа бағытының - Жаңа Қазақстанның бастауы болады. Президент әрбір сөзінде халықтың пікіріне құлақ асып шешім қабылдағанын жеткізді. Соның ішінде жаңадан облыстар құру Абай, Ұлытау, Жетісу сияқты атау берудің астарында зор мағына бар. Ерекше бір айта кететіні халық егер қарсы болмаса Қапшағайдың атауын аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Қонаевтың атына берудіде ұсынды! Біз жастар бұл ұсынысты толық қолдаймыз.
Халықтың пікіріне құлақ асатын билік әрдайым мәртебесі жоғары болады деп ойлаймын, барлығы бірден болуы мүмкін емес сол үшін жасалатын жұмысты билікке артып қоймай қоғам болып, жастар болып ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ бірге құрайық!
Нұрбек АҚПАНБЕТОВ,
АМАNAT партиясы Қазалы аудандық филиалының саяси кеңестің бюро мүшесі,
"Жастар" БПҰ төрағасы, Қазалы қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры