Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар денсаулығын күтуге дағдыланбаған – маман

Қазақстандықтар денсаулығын күтуге дағдыланбаған – маман

Қазақстан халқының басым бөлігі жас кезінен денсаулығын күтуге дағдыланбаған. Біз денсаулықты күтуді әдетке айналдыруымыз керек. Дүниежүзілік денсаулық күніне орайластырылған баспасөз мәслихатында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарушы директоры Серік Тәңірбергенов осылай айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Маманның мәліметінше, елімізде жыл сайын 3 миллионға жуық адам ауруханаға түседі. Соның 68 пайызы немесе 1,9 миллионы - дәрігер көмегіне ауруы әбден асқынғаннан кейін жүгінгендер.
«Бізде жыл сайын 90 мыңға жуық адам белгілі бір ауру салдарынан көз жұмады. Өкінішке орай, соның 40 мыңы - еңбекке қабілетті жастағы азаматтар. Олардың дені жүрек-қан тамыры ауруларынан немесе қатерлі ісіктен қайтыс болады», - дейді Тәңірбергенов.
Сарапшы пікірінше, бұрын бұған диагностика құралдары мен заманауи қондырғылардың жоқтығы қолбайлау болған. Ал, қазір оның бірден-бір себебі - адамдардың өз денсаулығына жүрдім-бардым қарайтыны.
«Біздің азаматтар ауырмаса дәрігерге бармайды. Ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мәліметінше, соңғы 10 жылда Қазақстанда қант диабетіне шалдыққандар саны 2 есе, қатерлі ісікке әкеп соқтыратын сырқаттар мен сүт безі обыры 3 есе артқан. Қант диабеті әсіресе, соңғы 5 жылда жас балалар арасында 2 есе, жасөспірімдер арасында 2,6 есе көбейген. Онкологиялық аурулар арасында сүт безі рагі бірінші орында, ал, жүрек пен қан-тамыр жүйесі аурулары – елдегі өлім-жітімнің басты себепкері. Қайтыс болған науқастардың 85 пайызының өліміне дәрігерге өте кеш қаралуы себеп. Яғни, ауру дер кезінде анықталған жағдайда олардың өмірін сақтап қалуға болар еді», - деді Серік Тәңірбергенов.
Маманның айтуынша, сол себептен Медициналық сақтандыру қоры алдағы уақытта аурудың алдын алу мәселесіне басымдық беруді жоспарлап отыр.
«Мысалы, жүректің ишемиялық ауруымен ауыратын науқасқа аортокоронарлық шунттау отасын жасау қажет делік. Дәрігерге уақтылы қаралып, жоспарлы түрде ота жасатқан жағдайда бұл 1,5-1,8 млн теңгеге түседі. Ал, ауру асқынып, шұғыл ота жасалатын болса, операция құны 2-2,5 есе артады. Бұл денсаулықты күтудің, аурудың алдын алудың қаншалықты маңызды екенін көрсетсе керек. Алайда, жүрегі ауырмайтын адам қол қусырып қарап отырмауы тиіс», - дейді Тәңірбергенов.
Сарапшы пікірінше, тексерудің қарапайым ғана түрлерін жасатса жеткілікті. Оның бәрі мемлекет тарапынан кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне кіреді. Мысалы, қан қысымын өлшеу, электрокардиография, липидтер мен холестерин мөлшерін тексерту және т.б.
«Мұның бәрі ауруды дер кезінде анықтауға және мезгілсіз өлім-жітімнің алдын алуға көмектеседі», - деп түйіндеді Серік Тәңірбергенов.
09 сәуір 2018 ж. 1 350 0

Абай кабинеті ашылды

05 қазан 2024 ж. 72

Мәртебелі мамандық

05 қазан 2024 ж. 73

Зерделі шәкірт зергері

05 қазан 2024 ж. 71

1070 жылдық өнеге

05 қазан 2024 ж. 53

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031