Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық көлік кімдерге тегін?

Қоғамдық көлік кімдерге тегін?

Көпшілігіміз қоғамдық көлікке күніне кем дегенде бір рет отырамыз. Күнделікті жұмысқа қатынайтындардың жөні бөлек. Олар маршруттардың тұрақты тұтынушысына айналған. Елдің бәрінде бірдей жеке көлік жоқ, сондықтан қоғамдық көліктің қызметін көруге тура келеді.
Деректерге жүгінсек 2020 жылдың 1 наурызынан бастап Люксембург елінде қоғамдық көліктер: теміржол, автобус пен трамвай қызметі тегін екен. Қоғамдық көлікті тегін етіп ел билігі автокөлік кептелісі мәселесін шешпек болған. Себебі Люксембург әлемдегі ең үлкен кептеліс мәселесі бар елге жатады.
2016 жылғы зерттеулер қорытындысы бойынша, Люксембургтің астанасында кептеліс шамамен 33 сағатқа созылған. Бұл осы жерге көрші елдерден жұмыс іздеп келетіндер санының артуымен байланысты. Тұрақты 600 мыңға жуық адам тұрса, Франция, Бельгия мен Германиядан жұмысқа күнделікті 200 мың адам шекара өтіп келетін көрінеді. Қоғамдық көліктің тегін болуы үшін ел жылына қосымша 40 миллион еуро шығындайды. Әйткенмен ел басшылығы мұны маңызы жоғары жоба деп бағалап отыр. Себебі тегін жүруді қамтамасыз ету арқылы кептеліс мәселесі ғана шешіліп қоймай, экологиялық тұрғыдан да тиімді болмақ.
Ал Қазақстанда барлығымыз бірдей тегін мінбесек те, қоғамдық көлікке ақы төлемейтін жандар бар. Өзіміздің ауданды айтайық. Әйтеке би кентімен Қазалы қаласы аралығындағы №1 және кент ішіндегі №7 маршруттардың жұмысына жауапты жеке кәсіпкер Сәлімжан Айтжановтың айтуынша, Ұлы Отан соғысының ардагері, Ауған соғысының мүгедегі және бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар маршруттарда тегін жүре алады. Ол үшін өзіңізбен бірге арнайы куәлігіңізді ала жүргеніңіз абзал. Ал оқушыларға бұндай жеңілдіктер қарастырылмаған. Олардың толық билеттің жарты ақысын төлеп, діттеген жерлеріне жетуге мүмкіндіктері бар.
Тек кенттегі №249 мектеп-лицей мен №170 мектеп оқушылары арнайы көлікпен тасымалданады. Ж.Жабаев атындағы №234 мектепте білім алатын ерекше балалар көлікпен жүреді. Интернаты бар №70, ауылдық жерлердегі №134, 100 мектеп оқушылары арнайы көлікпен қатынайды.
– Қоғамдық көлікке күнде мінеміз. Тегін тасысын демейміз. Талапқа сай таза әрі жолаушыға қолайлы болса болғаны. Алайда жол ақысын жөнсіз көтере бермесе екен. Көпбалалы отбасыларындағы оқушыларды ақысыз тасымалдаса, нұр үстіне нұр болар еді. Мәселен, ондай шәкірттерге мектеп басшылығы тарапынан арнайы куәлік жасалынып, сонымен жүрсе, – дейді кент тұрғыны Әзиза Орынбай.
Тұрғынның тілегі орынды секілді. Оның орындалу, орындалмауы құзырлы орындар мен уақыттың еншісінде.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
10 наурыз 2022 ж. 339 0

Мен таңдаған мамандық

30 қараша 2024 ж. 28

Отыз жылдық белес

30 қараша 2024 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930