Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көп күткен көлік

Көп күткен көлік

Қаңтар оқиғасынан кейін жұрт көңілінен шыққан санаулы жаңалықтың бірі утилалымды алып тастау мәселесі екені даусыз. Бұл қиындықты шешуге мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған. Дегенмен ашығын айтайық, арада бір ай уақыт өтсе де сарапшылар айтқан көлік құнының төмендеуі байқалмады. Әсіресе елде жүрген ескі көліктердің бағасы, керісінше, аздап көтерілген. Президенттің тапсырмасымен құрылған топ утилалым бағасы 50 процентке төмендетілгенімен, білетіндер мұның көліктің құнына да, экологиялық қауіпті сейілуіне де әсері шамалы екенін айтады. Десек те ел арасында елорда жақтан естілген әңгіме есіп жүр. Ендігі уақытта қазақстандықтар осында жасалатын тұлпарларды 4 проценттік несиемен рәсімдей алады. Осы тақырыпта ізденіп көрдік.


Қашан іске қосылады?

Өткен айда индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан қазақстандықтар үшін жеңілдетілген автонесиенің жаңа бағдарламасын іске қосудың екі нұсқасы қарастырылып жатқанын айтқан. Ол Facebook парақшасында жарияланған постты жазуға БАҚ-тың жеңілдетілген автонесиенің жаңа бағдарламаларын әзірлеу туралы бұрын тараған ақпаратты жұрттың дұрыс түсінбеуі итермелегенін меңзеді.
Ел арасында кез келген азамат болмашы процентпен несиеге көлік сатып алатыны туралы әңгіме МИИР Автокөлік бөлімінің бастығы Руслан Хисамутдинов «Хабар» телеарнасына берген сұхбатынан шыққан. Осы сұхбат негізінде Kolesa.kz порталы материал жариялап, мақалада ақпарат бұрмаланған көрінеді. Ресми өкіл жаңа жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қалыптасып үлгерді және жақын арада іске қосылады деген қате пікір болуы мүмкін екенін жеткізді.
– Әзірше зерттеліп жатқан идеялар көп жерде шешілген нәрсе ретінде түсіндірілген. Осыған байланысты мен нақты айтқым келеді: қазір уәкілетті мемлекеттік органдар жеңілдетілген автокөлік несиесі бойынша жаңа бағдарламалардың екі нұсқасын қарастыруда. Бірінші нұсқада жеңілдетілген несиеге 150 миллиард теңге бөлу ұсынылды, БАҚ-та айтылғандай 250 миллиард емес. Бұл сомманың өзі 4 жылға бөлініп қарастырылған. Биыл 30 миллиард теңге қаралуы тиіс. Несие беру шартын 2015 жылы іске қосылған ескі бағдарламанікіндей етіп қалдыру шешілді», – деді баспасөз хатшысы.
Ж.Омарханның сөзіне сенсек, екінші нұсқада халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын бастапқы жарнасыз несиелеу идеясы қамтылған. Бұл үшін ROP Operator компаниясы өндірген бюджеттен 100 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлу ұсынылып отыр. Сондай-ақ несие лимитін «бір қолға» 7 миллион теңгеге дейін төмендету идеясы талқыланып жатыр. БАҚ-та аталған шешім қабылданғаны туралы ресми ақпарат кездеспегенімен, қазірдің өзінде бірнеше екінші деңгейлі банктер жеңілдетілген несиеге өтінім қабылдауды бастап кетті.

Көлік кезегін күткендер

Жыл сайын бөлінетін қаржы жайын тарқата кетейік. Министрлік берген дерекке сүйенсек, тұрғындар үшін жеңілдетілген несиеге берілетін қаржы 2027 жылға дейін 250 млрд теңгеге жетеді. 150 миллиард мемлекеттік бюджеттен, 100 миллиарды РОП операторынан «көмек» төлемдері түрінде алынады. Келесі жылы азаматтарға тағы 45 миллиард, 2024 жылы – 50 миллиард теңге, осылай көлемі үлкейе бермек.
Автокөлік департаменті РОП операторын қаржыландыру жайы әлі талқыланып жатқанын атап өтті. Үкімет қалдықтарды жинаудан түскен ақшаны осылайша кәдеге жарату идеясын қолдайтын болса, онда бұл 100 миллиард теңге халықтың осал топтарына несиеге бастапқы жарнасыз, бірақ 10 миллион теңге көлемінде ғана бөлінеді. Есесіне азаматтар мұны 4 проценттік жеңілдікпен ала алады.
Егер ел азаматы 10 миллион теңгеден қымбат көлік сатып алуды көздесе, жетпегенін қалтасынан қосымша төлеуіне тура келеді. Бұл ретте банк­тер клиенттерден бастапқы жарна талап ету немесе талап етпеуді өздері шешеді. Қазірдің өзінде 15 мыңнан астам қазақстандық жеңілдетілген автокөлік несиесін күтіп отыр.

Қандай тұлпар таңдайсыз?

Басын аша кетейік, 4 проценттік несие Қазақстанда құрастыралатын су жаңа көліктерге ғана қатысты. Бірақ таңдау еркі кең. Мәселен, Shevrolet компаниясының Cobalt, Nexia, Spark жеңіл көліктері мен Tracker кроссоверін 4,7 мен 9,8 миллион теңгенің аралығында сатып алуға болады. Көпшілік қазақстандықтың сүйікті тұлпарына айналып үлгерген Hyundai-дың автокөліктері де елде құрастырылады. Ең арзан маркасы – Accent, құны 6,7 миллионнан басталып, Elantra 12 миллион теңгеден асады.
Бұдан бөлек, ел азаматтары қытайлық JAC, ресейлік өндіріс жемісі Lada, Uaz белгісі бар тұлпарларды иемденсе болады. Сонымен қатар сапалы техника шығаратын Kia, Renault компанияларының кез келген маркасын елдегі автосалондардан мініп кете алады.


Банктер өтініш қабылдауды бастап кетті

Halykbank.kz сайты қазірдің өзінде аталған несиеге өтінім қабылдай бастады. Банктің ресми сайтында 4 проценттік қарыз 7 жылға дейін кеңшілік танытатыны көрсетілген. Ал клиент сатып алғысы келген автокөліктің бағасы 15 миллион теңгеден аспауы шарт. Демек 15 миллион тұратын көліктің 5 миллионын клиент өз қалтасынан шығарады. Құзырлы министрлік өкілі мәлімдегендей, әлеуметтік осал топтағы азаматтарға алдын ала төлем алу қарастырылмаған. Дегенмен тұрақты жалақысы бар немесе кәсіпкерлер көліктің 20 процент құнын алдымен өтеуі тиіс. Несиеге өтініш тастау үшін банктер жеке куәлікпен қатар қарызды өтейтініне кепіл беретін жақынын ертіп әкелуді сұрап отыр.
Дәл осы сәтте мемлекеттік бағ­дарламаны орындауға «Халықтан» бөлек, «Сбербанк» пен «Центркредит» банктері атсалып жатыр.


Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ

10 наурыз 2022 ж. 364 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031