Сапалы зерттеулер – аккредиттелген зертханада
Әр мекеменің өзінің атқаратын қызметтерімен жұмыстары аудан тұрғындарына және кәсіпкерлер үшін маңызы зор. Осы ретте Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» Қызылорда облысы филиалы Қазалы аудандық бөлімшесінің жұмыстарына тоқталып өтейік.
Кәсіпорын сан түрлі, бактериологиялық, паразитологиялық,санитарлық гигиеналық, радиологиялық және дезинфекциялық зертханалық зерттеулер мен аудан тұрғындарының қауіпсіз өмір сүруіне септігін тигізумен қатар, әлемді жайлаған «Covid-19» дертімен күресу жолында аянбай еңбек етіп келеді. Атап айтсақ залалсыздандыру бөлімі бойынша дезинфекция, дератизация, дезинсекция жұмыстарын жүргізіп, жедел түрде жұқпаның қоздырғышын жоюда жұмыстар атқарылуда.
Зертханалық зерттеулердің де сан түрі осы мекемеде жасалады. Соның ішінде Ұлттық сараптама орталығы, Қазалы аудандық бөлімшесіндегі «аккредиттелген зертхана» туралы толық ақпаратты көпшілік біле бермейді.
Аккредиттеу дегеніміз – латынша – сенім білдіру дегенді білдіреді. Жалпы айтқанда, нәтижесінде көрсетілетін қызметтер сапасының тиісті талаптарға сәйкестігін ресми растауға қол жеткізетін процесс. Аккредиттеу әдетте, тұтынушының жеткілікті құзіреттілігі жоқ кәсіби қызмет көрсету саласындағы сапаны бағалау үшін кең таралған. Зертхананың аккредиттелгендігін хаттамаларда осы белгі бойынша білуге болады.
Осы орайда біздің мекемеміз осы ретте Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша Қазалы аудандық бөлімшесі сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі N 61-IV Заңына сәйкес Қазақстан Респуликасының аккедиттеу жүйесінде «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар ГОСТ ISO/ IEC 17025-2019 сәйкес тіркеуден өтіп №KZ.Т.12.2026 номерлі Аккредиттеу аттестатына ие екендігін мақтанышпен айтып өткіміз келеді.
Бұл аккредиттелген зертхананың көптеген артықшылықтары бар. Атап айтсақ, кәсіпкерлер үшін, аккредиттеу шешімдерді қабылдау және тәуекелдерді басқару үшін маңызды құрал болып табылады. Ұйымдар аккредиттелген және сәйкесінше құзыретті қызметтерді, жеткізушіні таңдау арқылы уақытын әрі қаржысын үнемдей алады. Аккредиттеу субъектілерімен халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес орындалған дәл өлшемдер мен сынақтар ақаулы өнімді алу мүмкіндігін төмендетеді. Аккредиттеу халықаралық келісімдер жүйесінің көмегімен өнімді шетелге шығарған кезде бизнестің шығындарын басқа мемлекетте қайта сынақтарды жүргізу қажеттілігін кемітіп немесе жою есебінен азайтады.
Ал тұтынушылар үшін, өнім, қызмет және өлшемдердің дәлдігі сәйкестігін растау бойынша қызметтердің сәйкес сапасына кепіл береді. Тұтынушы үшін кез-келген өнімге осы мекеменің анықтамасы болуы шарт.
Кез келген өнімнің санына емес, сапасына қарап зерделеп, ой-елегінен өткізіп жүруді ұмытпайық!
А.ҚОСЫМОВА,
«Ұлттық сараптама орталығы»
ШЖҚ РМК Қызылорда
облыстық филиалы
Қазалы аудандық бөлімше басшысы