Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 4900 теңгеге дейін: Қазақстанда ПТР тестілеу құны арзандады

4900 теңгеге дейін: Қазақстанда ПТР тестілеу құны арзандады

COVID-19-ды анықтайтын ПТР тестілеу құны 4,9 мың теңгеге дейін төмендетілді, деп хабарлайды Stan.kz.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 желтоқсанда Ұлттық сараптама орталығы COVID-19-ға ПТР тестілеу қызметінің құнын 6,4-тен 4,9 мың теңгеге дейін төмендетті. Ұлттық сараптама орталығы 17 өңірде қызмет көрсетеді.
ПТР тест құны Алматы қаласында (Innova зертханасы) 6 мың теңгеге дейін, Атырау облысында (Interteach, Вестерн, Достар Мед Престиж) 7 мыңнан 5 мың теңгеге дейін төмендетілді.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Түркістан қалалық ауруханасында жасалған монополияға қарсы комплаенс аясында аталған медициналық мекеме ПТР тест бағасын 7 мыңнан 4,9 мың теңгеге дейін төмендетті.
Сонымен қатар, республика бойынша филиалдары бар ірі желілік зертханаларда COVID-19 ПТР-тестілерінің бағасы бұрынғы күйінде қалып отыр, орташа алғанда 7,4 мың теңге көлемінде.
Бұрын, агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің монополияға қарсы комплаенс шеңберінде КДЛ «Олимп» ЖШС мен «Инвиво» ЖШС-мен қосқанда 36 нарық субъектісі 2020 жылдың қазанында бағаны 12 мыңнан 9 мың теңгеге дейін, ал кейін 2021 жылдың ақпанында 7 мың теңгеге дейін төмендетті.
2022 жылдың бірінші тоқсанында агенттік бәсекелестік деңгейін анықтау, доминанттарды анықтау және қызметтердің бағасын зерттеу мақсатында COVID-19-ды анықтайтын ПТР тестілеу нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жасауды жоспарлап отыр.
                        kyzylorda-news.kz
21 желтоқсан 2021 ж. 1 048 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 128

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031