Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Берік отбасы – есірткіден алыс

Берік отбасы – есірткіден алыс

Ата сөзі: Көзімнің нұры, әулетімнің сәні, өмірімнің жалғасы болған ұрпақтарым! Алтын асықтай ұлдарым және үкілеген үмітім – қыздарым! Сендердің мұңсыз көздерің мен уайымсыз күндеріңнің болғаны бізге қуаныш сыйлайды. Жапырағы жайқалған мәуелі бәйтерекке айналу үшін менің жас шыбықтарым мықты болуы тиіс. Біз бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқан соң, бір-бірімізге деген ерекше құрметіміз бен ыстық ықыласымыздың болғаны жөн. Рухы биік ұрпақтарым менің, ынтымақ пен бірлікте болыңдар!
Әке сөзі: Иә, отбасы - сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, зиялы қоғамның діңгегі. Әрқайсысың дара тұлға болып қалыптасуларың үшін отбасы құндылықтарының рөлі ерекше. Ұлтын сүйген Отбасы деген шағын мемлекетіміз берік те, бақытты болса, еліміздің гүлдегені, өскені болып табылады.
Әже сөзі: Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлы өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, пайдасыздықтан аулақ болуға шақырды. Ал мен сендерді жат қылық пен жаман әдеттен аулақ болуға, әдепсіздіктен, тәртіпсіздіктен аулақ болуға , қоғамымызды жалынды оттай қармап бара жатқан зиянды әрекеттерден аулақ болуға шақырамын!
Әке сөзі:Иә, қоғамның салауатты мүшесі – мықты мемлекеттің болашағы десек,осы орайда біздің Қанжарбек отбасы Қазақстандықтарға Үндеу жариялайды:
-Қоғамның дертімен күресті күшейтуді,
-Салауатты өмір салтын қалыптастыруды,
-Зиянды әрекеттерімізді тоқтатып, адамдық қалпымыздан айнымауды,
-Болашағымызды жарқын, өмірімізді нұрлы етуді қолдаймыз!
-Жат қылықтан аулақ болып , елдің ертеңгі азаматы болып өсе береңіздер!
- Жаман ниетті адамдардан аулақ жүріңіздер!
- Бос уақыттарыңызды білім алуға,өнерлі болуға , кітап оқуға арнаңыздар!
-Қоғамға жат есірткі, нашақорлық, маскүнемдіктен аулақ болыңыздар!
-Біздің өміріміз бен денсаулығымыз өз қолымызда!
-Біз Қанжарбек отбасы барша қазақ жастарын есірткі, нашақорлық, маскүнемдіктен аулақ болуға шақырамыз!
Салауатты өмір-салтын қолдаймыз!
Біз бәріміз біргеміз!

№249 мектеп-лицей
Қанжарбек әулеті
18 ақпан 2022 ж. 865 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031