Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ДСМ өкілі неге Pfizer вакцинасын ақылы түрде алу мүмкін емес екенін айтты

ДСМ өкілі неге Pfizer вакцинасын ақылы түрде алу мүмкін емес екенін айтты

Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев Pfizer вакцинасын ақылы түрде салғызу туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің сұрақтарына жауап берген вице-министр Pfizer компаниясы вакцинаны ақылы түрде алуға келісім бермегенін айтты.
"Себебі, Pfizer компаниясы бұл (ақылы вакцинация - еск.) қайта сатуға әкеледі деп санайды және Денсаулық сақтау министрлігі мен Pfizer арасында жасалған келісім бойынша қайта сатуға жол берілмейді. Осыған байланысты Pfizer вакцинасын ақылы түрде салғызу мүмкін емес деген шешімге келдік", - деді Жандос Бүркітбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Айта кетейік, 17 ақпанда Қазақстан аумағында бизнес пен тұрғындарға қатысты шектеу шаралары жеңілдетілді. Енді Қазақстан азаматтары елге кірер кезде ПТР-сынама тапсыруға міндеттелмейді.
18 ақпан 2022 ж. 222 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031