Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ-ға жаңа пән енгізілді

ҰБТ-ға жаңа пән енгізілді

2021-2022 оқу жылында бейіндік пән "Физика" болып қала береді, өзгеріс жаңа оқу жылынан бастап енгізіледі. Келесі оқу жылынан бастап ІТ саласындағы мамандықтарды меңгергісі талапкерлер ҰБТ-да физика емес, информатика пәнінен тест тапсырады.
БҒМ баспасөз қызметі министрлікке жоғары оқу орындарында IT-бағыттар бойынша оқығысы келетін талапкерлер үшін ҰБТ-ның бейінді пәндер тізіміне "Информатика" пәнін енгізу жайлы көптеген өтініш келіп түсетінін атап өтті.
"Осыған байланысты министрлік талдау жүргізіп, 2022-2023 оқу жылынан бастап "Информатика мұғалімдерін даярлау", "Ақпараттық технологиялар" және "Ақпараттық қауіпсіздік" білім бағдарламалары топтарына түсетін оқушылар ҰБТ-да "Математика+Физика" орнына "Математика+Информатика" комбинациясын тапсырады деген шешім қабылдады", - деп мәлімдеді ведомство.
Айта кетері, 2021-2022 оқу жылында бейіндік пән "Физика" болып қала береді.
Бұл ретте пилот ретінде талапкерлердің таңдауы бойынша биыл (наурыздағы ҰБТ кезінде) ІТ-бағыттарға түсу үшін "Математика+Информатика" комбинациясын таңдау опциясы қосымша қолжетімді болады.
18 ақпан 2022 ж. 900 0

Түркияда жер сілкінді

27 қазан 2025 ж. 149

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031