Қазалыда 20 ҮЕҰ белсенді түрде жұмыс істейді

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап Әйтеке би кентіндегі үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерімен кездесіп, еркін форматта пікір алысты.
Аудан басшысына үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстары туралы «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қазалы ауданы бойынша филиалының директоры Талайлы Бөріқұлақов,«Қазақ тілі» Қазалы ауданы бойынша қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрбибі Әшір, «Сауал» әлеуметтік зерттеу және ақпараттық талдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айбек Оразалиевайтып беріп, өздерінің бірқатар ұсыныс-тілектерін жеткізді.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудандық «Білім беру саласының ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінде ардагер ұстаздармен кездесті.

Аудандық «Білім беру саласының ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Қуанышбаеварнайы келген аудан басшыларына ризашылығын б
ілдіріп, алдағы уақытта жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беру жолында аянбай еңбек ете беретіндіктерін жеткізді.
