Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордадағы оңалту орталығы 60 баланың ем алуына мүмкіндік береді

Қызылордадағы оңалту орталығы 60 баланың ем алуына мүмкіндік береді

Kyzylorda-news.kz. Бүгінгі күнге дейін өңірде реабилитациялық көмекті қажет ететін мүгедектігі бар балалар Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына жолдама негізінде ем алса, қазіргі таңда балаларды тұрақты түрде емдеу үшін көпбейінді облыстық балалар ауруханасы ғимаратының бір бөлігі оңалту орталығы ретінде ашылды.

Орталық жұмысындағы емдеу процесін саралау мақсатында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова емдеу орталығына барып, мамандармен пікірлесіп, ем қабылдап жатқан балалармен тілдесті.
Орталықта науқас балаларға мамандандырылған оңалту көмектерін көрсету, оның ішінде, сумен емдеу, шунгит, сенсорлық, интерактивті, тұзды шахта бөлмелері қарастырылған. Сондай-ақ, емдік-дене шынықтыру, механотерапия және ойын залдары бар, логопед, дефектолог, психолог мамандары қызмет көрсетуде.
Аймақ басшысы әрбір баланың кешенді түрде ем алуына тиісті жағдай жасау үшін қажетті шараларды атқару керектігін қаперге салып, орталықта емделуші балаларға тез арада жазылып шығуды тіледі және орталыққа планшеттерді сыйға тартты.
17 ақпан 2022 ж. 884 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 102

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930