Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұйымдасқан қылмыстық топтың басшылары ұсталды

Ұйымдасқан қылмыстық топтың басшылары ұсталды

Бірқатар қылмыстық топ басшылары мен қатысушылары жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға қатысуына байланысты жауапқа тартылуда, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қаңтар айындағы оқиғалардан кейін ІІМ криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері аумақтық бөлімшелердің қатысуымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Өскемен және Қызылорда қалаларында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 4-7 қаңтарда жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға қатысы бар бірқатар қылмыстық топтардың басшылары мен ұйымдасқан қылмыстық топтардың қатысушыларын ұстады және жауапкершілікке тартты.
Жүргізілген арнайы операциялардың нәтижесінде ұсталғандардан екі «Калашников» автоматы, төрт «ПМ» тапаншасы, төрт «Глок» тапаншасы, револьвер, «ТТ» тапаншасы, помпалық мылтық, автоматты мылтық, «Сайга-410» тегіс ұңғылы карабині, «Оса» травматикалық тапаншасы, РГД-5 гранаты және әртүрлі калибрлі 130 бірліктен астам оқ-дәрілер тәркіленді.
Барлық ұсталғандарға қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.




10 ақпан 2022 ж. 472 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 103

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930