Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қазақтелеком" қызметкерлерінің жалақысы артады

"Қазақтелеком" қызметкерлерінің жалақысы артады

Жаңа ұжымдық шарт бойынша қызметкерлерге ұсынылатын әлеуметтік пакет сақталады. "Қазақтелеком" АҚ ақпараттандыру және байланыс қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағымен жаңа ұжымдық шартқа қол қойды, оған сәйкес өндірістік персоналдың жалақысы айтарлықтай артады. Бұл туралы компания басшысы Қуанышбек Есекеев әлеуметтік желіде мәлімдеді.
"Біз еңбекақы төлеу қорымызды тек осы жылы ғана 10%-ке ұлғайтамыз, себебі елдегі ең төменгі жалақының 60 мың теңгеге дейін ұлғаюы автоматты түрде компаниядағы, ең алдымен өндірістік персонал деңгейіндегі ең төменгі жалақының артуына әкеледі: демек жалақы орта есеппен 20%-тен 50%-ке дейін артады", - деп жазды Есекеев.
Есекеевтің айтуынша, қызметкерлер жалақысының өсуі арасындағы алшақтық грейд жүйесіне байланысты.
"Бұл механизм бірдей лауазымдарды атқаратын қызметкерлердің біліктілік деңгейіндегі айырмашылықты ескеруге мүмкіндік береді: грейд бойынша әр лауазымда ең төменгі және ең жоғары жалақы бар. Ұжымдық шарттың жаңа нұсқасында біз ең алдымен жұмысшы мамандықтар мен инженерлік-техникалық құрамның грейдерлері бойынша лауазымдық жалақының төменгі деңгейін көтереміз", - деп түсіндірді Есекеев.
Есекеев жаңа ұжымдық шарт бойынша қызметкерлерге ұсынылатын әлеуметтік пакет сақталатынын айтты. Айта кетері, 31 қаңтарда Алматыдағы "Қазақтелеком" қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп, жұмысқа шығудан бас тартты. Олар компанияның кеңсесінің жанында жиналды.
09 ақпан 2022 ж. 397 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 30

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930