Елімізде қой жүні керексіз болып жатыр. Шығыстағы қой баққан шаруалар жыл сайын мыңдаған тонна жүн қырқып алғанымен оны өңдейтін жер таппай отыр. Көршілес Ресей мен Қытай елінен аз да болса сұраныс бар. Бірақ оларға сату үшін төлейтін кедендік баж салығы өткізген өнімнің он пайызына тең. Жүн сатушылар оның тиімсіз екенін айтады. Ал осыдан жеті жыл бұрын Абай ауданында жүнді жуып, Қытайға экспорттау үшін қыруар қаржыға салынған фабрика да малшылардың күйін кешіп, банкрот болудың аз-ақ алдында тұр, деп хабарлайды stan.kz.