Майнинге арналған салық салудың жаңа түрі енгізілмек
Қазақстанда майнинге арналған салық салудың жаңа түрі енгізілмек. Бұл туралы «Қазақстандағы цифрлық активтер туралы» заң жобасын талқылау барысында ҚР Қаржы бірінші вице-министрі Марат Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлайды inform.kz.
«Майнингтік қызметті шектейтін боламыз. Өйткені, бүгінде оған ешқандайшектеу жоқ және ескерту сипатына ғана ие. Яғни, қандай да бір өкілетті орган майнингті басқаратын мәлімдесе, онда ол сонымен айналыса алады. Ал іс жүзінде оларды анықтау өте күрделі. Тек электр энергиясының шығыны, одан кейін сараптамалар жасау арқылы ғана анықтауға болады. Қазір дата-орталықтарды қоспағанда қалған барлық қызмет заңсыз саналады. Салық салу бөлігінде құрамдастырылған мөлшерлеме, құрамдастырылған салық болады. Бұл мөлшерлемені арттырады. Қазір 1 киловатт 1 теңге болса, онда оны біз 5 теңгеге дейін ұлғайтуды көздейміз», - деді бірінші вице-министр.
Осы ретте ол ұсынылып отырған салық салу тетіктерін түсіндіріп берді.
«Сонымен қатар цифрлық майнингке арналған салықтың жекелеген түрін енгізіледі. Атап айтқанда, цифрлық майнингке арналған құрал-жабдықтарға – 10 АЕК, видеокартаға – 1 АЕК, тізімдегі өзге құрал-жабдықтарға – 10АЕК. Есеп-қисабы тоқсан сайын жасалады және төлем де тоқсан сайын жүргізіледі. Егер электр энергиясын тұтынбаса, бірақ майнингке арналған құрал-жабдықтар орнатса, онда оған казинодағыдай салық жүреді. Казинодағы әрбір үстелге қызметін жүзеге асырғанына қарамастан салық төленеді», - деді Марат Сұлтанғазиев.