Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжілістің жаңа төрағасы мәлімдеме жасады

Мәжілістің жаңа төрағасы мәлімдеме жасады

Парламент Мәжілісінің жаңа төрағасы Ерлан Қошанов жалпы отырыста жаңа Қазақстан құрудағы депутаттардың рөлі туралы айтты.
– Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқан жаңа Қазақстанды құру жолында Парламентке артылар жүк те, жауапкершілік те зор. Сондықтан сындарлы кезеңде халық сеніміне шығып, Президент бастамаларын барынша қолдау біздің, депутаттардың басты міндеті. Сайлаушылар тарапынан депутаттарға қойылатын талап та қашан да жоғары екенін өздеріңіз білесіздер. Әсіресе қаңтар оқиғалары бүкіл еліміз үшін үлкен сын болды. Күн тәртібінде Тәуелсіздігіміз бен мемлекеттілігіміздің тұтастығын сақтап қалу мәселесі тұрды. Елімізге қауіп төнген сын сағатта мемлекет басшысы барлық жауапкершілікті өз мойнына алып, батыл шешімдер қабылдады. Президент халық қауіпсіздігі мен мемлекет мүддесі бәрінен биік екендігін өз ісімен дәлелдеді, – деді Қошанов.

Халық сайлаған депутаттардың сайлаушыларына жақын болу керектігін айтқан Қошанов қоғамның үнін есту кез келген келеңсіздіктің алдын алатынын жеткізді.
– Бірінші кезекте, Парламент жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуіміз қажет. Халық сайлаған депутаттар – ең алдымен өз сайлаушыларына жақын болу керек. Қоғамның үнін естіп, халықтың тілін түсіну және дер кезінде шаралар қабылдау – кез келген келеңсіздіктің алдын алудың негізгі алғышарты екені түсінікті. Сондықтан алдағы уақытта, депутаттар корпусының азаматтық сектормен, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен, әсіресе, өңірлердегі қоғам белсенділерімен тығыз байланысын одан ары жандандыратын боламыз. Бұл – Президент бекіткен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын нәтижелі жүзеге асырудың да басты ұстанымы, – деді Ерлан Қошанов.

Сондай-ақ, халықпен кездесу форматын қайта қарауы мүмкін екенін мәлімдеді.
– Депутаттардың сайлаушылармен тиімді жұмыс істеуі үшін біз барлық жағдайды және қосымша мүмкіндікті жасауымыз қажет. Мүмкін, халықпен кездесу форматын қайта қарауымыз керек шығар. Олардың мәселелерін шешу үшін біз сайлаушылармен жиірек кездесуге тиіспіз, – деді ол.
02 ақпан 2022 ж. 285 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930