Ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге ескерту жасалды
Еліміздің алты өңіріндегі автожолдарда қолайсыз ауа райы күтіледі.
Фото: pexels.com
Бүгін Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында жаңбыр аралас қар және қар жауады деп болжануда.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол жамылғысы тайғақ болуы мүмкін.
Жүргізушілерге барынша сақ болу, жол жағдайына қарай қауіпсіз жылдамдықты таңдау, көлік арасындағы қашықтықты сақтау және күрт маневр жасаудан аулақ болу ұсынылады.
Еске салайық, бұған дейін аяз бен тұманға байланысты 16 өңірде дауылды ескерту жарияланды.
Фото: pexels.comБүгін Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында жаңбыр аралас қар және қар жауады деп болжануда.