Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ахуал тұрақталып келеді

Ахуал тұрақталып келеді

31 қаңтарда Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша «сары» аймаққа Шымкент қаласы, Қызылорда облысы орналасты. Ал «жасыл» аймақта Түркістан облысы бар. Қалғанының барлығы «қызыл» аймақта тұр.

Осы күні коронавирус инфекциясын жұқтырған 7491 жағдай тіркелді.
Жалпы өңірде коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы тұрақсыз. Жыл басынан бері 4176 адам коронавирус жұқтырды. 30 қаңтардан бастап «сары» аймақта тұр.
Өңірде коронавирус инфекциясы анықталғаннан бастап індет жұқтырған 23707 адам тіркелсе, науқастардың 90 проценті емделіп шықты. «Айта кетерлігі, 11 қаңтардан бері қатерлі індетті тәулігіне 100-ден астам жұқтыру дерегі тіркелді. Ал 28 қаңтардан бастап аурушаңдық көрсеткіші төмендеді. Мәселен, өткен тәулікте коронавирусқа шалдыққан 55 адам тіркелді. Олардың басым көпшілігінде клиникалық белгісі анықталған жоқ. Науқастардың арасында 16-сы 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер», – деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.
Қазір 2327 белсенді ошақ бар. Барлығында індетке қарсы профилактикалық шаралар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар медициналық бақылауға алынған. Індеттің ірі ошағы – Қызылорда қаласы. Аудандар бойынша ошақтар Шиелі және Жаңақорғанда анықталған.
01 ақпан 2022 ж. 197 0

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 78

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930