Қызылорда облысы «сары аймақта»

2020 жылдан бері коронавирус инфекциясымен Қызылорда облысында 16 459 науқас тіркеліп, 14 285 емделіп шықты.
Бүгінгі күні коронавирус инфекциясымен 79 жағдай (Қызылорда қ. – 41, Арал – 12, Қазалы – 6, Қармақшы – 1, Сырдария – 6, Шиелі – 5, Жаңақорған - тіркелді, 159 науқас (Қызылорда – 105, Арал – 3, Қазалы – 13, Қармақшы – 7, Жалағаш – 1, Сырдария – 1, Шиелі – 11, Жаңақорған - 18) емделіп шықты.
2021 жылғы 6 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан,Қарағанды, Қостанай,Маңғыстау, Павлодар облыстары. «Сары» аймақта : Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстары. «Жасыл» аймақта: Түркістан облысы.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 897 жағдай тіркелді.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 816 896 жетті.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 330,Алматы қаласында - 1085,
Шымкент қаласында – 79,
Ақмола облысында – 234,
Ақтөбе облысында - 67,
Алматы облысында - 279,
Атырау облысында - 120,
Шығыс Қазақстан облысында - 148,
Жамбыл облысында - 95,
Батыс Қазақстан облысында - 83,
Қарағанды облысында - 492,
Қостанай облысында - 215,
Қызылорда облысында - 79,
Маңғыстау облысында - 209,
Павлодар облысында - 255,
Солтүстік Қазақстан облысында - 74,
Түркістан облысында - 53.
Өңірлік коммуникациялар қызметі