Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Еңбек кодексіне" өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек

"Еңбек кодексіне" өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек

Сенаторлардың бастамасымен "Еңбек кодексіне" тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын әзірленбек. Бұл туралы депутат Нариман Төреғалиев Сенаттың жалпы отырысында айтты.
Жыл сайын елімізде 1 500-ге жуық адам өндірісте жарақат алады, бұл ретте 200-ден астам жұмысшы қаза табады, ал 600 адам жұмыс кезінде мертігу және кәсіби аурулар салдарынан мүгедектік алады. Сенатор Нариман Төреғалиев еліміздің Премьер-Министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында осындай көңілсіз деректерді келтірді. "2020 жылы тексерілген 1,6 млн. жұмысшының 22% зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істегені анықталған. Нәтижесінде жыл сайын 500-ге жуық жұмысшыдан кәсіптік аурудың алғашқы белгілері тіркелуде. Одан басқа, 2020-2021 жылдары, еңбек инспекторларымен анықталған 11 мыңнан аса бұзушылық болса, соның 34% еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында тіркелген", - деп атап өтті Нариман Төреғалиев. Қазіргі уақытта елімізде 300 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Алайда, оларда мемлекеттік бақылауды тек 237 еңбек инспекторы ғана жүргізеді. Инспекторлардың жетіспеушілігіне байланысты жыл сайын ұйымдар мен кәсіпорындардың тек 3%-ын тексерумен қамту мүмкін болып отыр. Сенатор түсіндіріп өткендей, бұл құзыретті органдар өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алумен күреспейді, тек өткен шақпен ғана жұмыс істейді. Сонымен қатар, Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инспекторлар жоспарлы тексеру жүргізу туралы 30 күнтізбелік күн бұрын ескертуге міндетті. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау үшін халықаралық еңбек ұйымының нормалары бойынша инспекторлар жоспардан тыс тексеру жүргізуге де құқылы болуға тиіс.

27 қаңтар 2022 ж. 390 0

Жан азығы

26 сәуір 2025 ж. 148

Шығыны аз, өнімді іс

26 сәуір 2025 ж. 151

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930