Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ескі жыл несімен есте қалды?

Ескі жыл несімен есте қалды?

Сиыр жылын тарих қатпарына қалдырып, барыс жылына қадам бастық. Қашанда «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деген халықпыз. Шынында да ескі жыл әр отбасыға ерекше естеліктерімен есте қалды. Осы орайда газет оқырмандарына «Ескі жыл несімен есте қалды?» деген сауал қойған едік.

“Жыл тұлғасы” атану, жігер сыйлады
Әлия ҚАРТАБАЕВА, «Бозкөл» ауылдық дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі:
– Өткен жылда қиын да, қызықты да сәттер орын алды. Өмір болған соң ақ пен қара қатар жүреді. Ештеңеге мойымай, алға жылжу керек. Бүкіл әлем басынан өткерген пандемия кезеңінде провизорлық станционарда екі ай бойы үйге қайтпастан жұмыс істедік. 271 науқастың сауығып шығуына бар күшімді салдым. Бұл – дәрігерлердің парызы. Оны бұлдамаймыз. Дегенмен еңбегімізді елеп, «Жыл тұлғасы» номинациясын бергенде, мамандығыммен марқайып қалғаным рас.
Медицина саласында отыз жыл еңбек етіппін. Дәрігердің алдына дертіне дауа іздеген жан келеді. Олар үлкен үмітпен бізге сенеді. Науқастың тәні мен қоса жанын емдеу маңызды. Яғни, жылы шырай танытып, күліп қарсы алып, шығарып салуға тырысамын. Жаңа жылда әр отбасына амандық, дендеріне саулық тілеймін. Барыс жылы берекелі болсын.

Баспана алып, бағымыз еселенді
Гүлжайна МНАЖАДИНОВА, «Күміс алқа» иегері:
– 2021 жыл біз үшін қуанышқа толы құтты жыл болды. Баспана алып, бағымыз еселенді. Жолдасым Жарасқан Мнажадинов «ПетроРетайл» мекемесінде жеті жылдан бері жұмыс істейді. Отбасында алты баланы өмірге әкеліп, тәрбиелеп отырмыз. Үлкеніміз студент, қалғандары мектепте білім алады. Он тоғыз жыл ата-енеммен бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүрдік. Уақыты жетіп, жаңа қонысқа қол жеткізгенімізге барлығымыз қуандық.
Алға қойған мақсатың айқын болса, қалауыңыз орындалады. Ең бастысы, отбасының татулығы мен бірлігі. Әр адам бақытты болуға лайықты. Жаңа жылда нені армандасаңыздар соған қол жеткізулеріңізге тілектеспін.

Жеңісті жыл болды
Меруерт ШАПИХОВА, «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасының музыка жетекшісі:
– Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық колледжді, одан кейін Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірдім. Мәдени-ағарту жұмысы және халықтық көркемдік шығармашылық мамандығын меңгердім. 2015 жылдан №21 «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасында музыка жетекшісімін. Балалармен жұмыс жасау ерекше шабыт береді. Олар бұлақтай мөлдір, тап-таза. Не үйретсең, соны айна-қатесіз қайталайды. Өнерге де құштар. Еңбекке арласқан уақыттан бастап, бүлдіршіндерге ән салуды үйретіп, бірнеше рет жарыстарда жүлделі орынды қанжығалап жүрміз. Сиыр жылы да көптеген жетістікке жеттік. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында өткізілген «Үздік ән-әуез жетекшісі – 2021» облыстық байқауында бірінші орын иеленіп, диплом алдым. Қызылорда облыстық білім басқарамасы басшысының «Құрмет» грамотасын иелендім. Облыстық білім басқармасы мен оқу орталығының ұйымдастыруымен өткен «Үздік флипчарт сабақ» фестивалінде үздік болдым. Бұның барлығы жалғыз менің емес, ұйымшыл ұжымның жеңісі деп білемін. Алда әлі талай асуды бағындыратынымызға сенемін.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
31 желтоқсан 2021 ж. 402 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031