Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Субсидиядан туған серпіліс

Субсидиядан туған серпіліс

Осы жылы агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің бәсекеге қаблеттігін арттыруға және ауыл шаруашылығы саласының дамуы үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 907,4 миллион теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілді. Бұл аудан бойынша айтылған ақпар.
Жалпы субсидия дегеніміз не? Түсінікті тілмен айтқанда, бұл ел экономикасының жекелеген салаларын қолдау. Ауыртпалықтарды азайту арқылы қиын салаларға көмектесу немесе бастамаларға қаржылық қолдау көрсету. Осылайша жаңа жетістіктерге жетуге ықпал ету. Субсидия – жеке адамға, бизнеске немесе мекемеге үкімет тарапынан берілетін жеңілдік. Бұл жеңілдіктен қазалылықтар да құр қалған емес. Өз өтініштерін білдіріп, жыл сайын белгіленген мөлшерде бөлінген қаражатқа қол жеткізіп отыр.
Ауыл шаруашылығы бөлімі мамандарының мәліметінше, әр жылы субсидия көлемі артып келеді. Мәселен, биыл егіншілік саласы бойынша 295,4 миллион теңге берілген. Аражігін ашып айтар болсақ, минералды тыңайтқыштарға 137,1, гербицидке 42,4, суармалы су қызметі үшін 77,9 сатып алған тұқым үшін 38 миллион теңге. Қазалыда егіншілікпен айналысатын жеті шаруашылық бар. Ал мал шаруашылығына бетбұрғындар саны 130-дан жоғары. Бірі төрт түліктің басын көбейтсе, бірі бордақылаумен айналысады.
Биыл мал шаруашылығы саласы бойынша бөлінген субсидия мөлшері 612 миллион теңге. Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу – ірі қара малдың тауарлы аналық басы 38,27 миллион теңге, ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы 5,5 миллион теңге, қойлардың тауарлы аналық басы 6,65 миллион теңге. Асыл тұқымды мал сатып алушылар да мемлекеттік қолдаудың шапағатын көрді. Отандық асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алуға 10,2, ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алуға 19,5 миллион, асыл тұқымды тұқымдық айғыр сатып алу 0,7 миллион теңге. Бордақылау алаңына өткізілетін бұқашық құнын арзандату үшін 8,1 млн теңге, асыл тұқымды бұқаның ұрығын сатып алу (бір жынысты) 20 миллион теңге; сүт өндіру құнын арзандату 272,6 миллион теңге, ауыл шаруашылығы малдарының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату 230,4 миллион теңге бөлінген.
– 2018 жылдан бастап ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер арнайы сайт арқылы өтініш қалдырады. Қажетті құжаттарды электронды түрде тапсырады. Өтінім берген кезде мамандар сараптама жасайды. Заңдылық жағын, қаржылай талдау, яғни төлем қабілетін және қаржы бөлудің орындылығын тексереді. Сондай-ақ кепілдік беру үшін сараптама жасап, өзге де стандартты рәсімдер жүргізеді. Шешім 5-7 жұмыс күні ішінде қабылданады, – дейді ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы Күмісбек Ерімбетов. Ал бұл туралы қазалылық шаруалар тиімді де, тиімсіз тұстары барын айтады. Көбісі ауылдық жерде интернет желісінің баяулығы кесірін тигізіп жататындығын алға тартады. Дегенмен мүлдем қол жеткізбедік деген пікірден де аулақ. Бағын сынап, бұйырғанды иеленген шаруа қожалық иелері мемлекет қолдау көрсетуге бөлінген қаржының көлемін арттырса, нұр үстіне нұр болар еді дейді.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
22 желтоқсан 2021 ж. 391 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 88

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930