2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғаяды
Қазіргі уақытта Қазақстанда әйелдердің зейнет жасын кезең-кезеңімен ұлғайту қолға алынып жатыр. Соған байланысты зейнетке шығатын қазақстандықтар осы жылдың соңына дейін ХҚО-ға дер кезінде хабарласуы қажет, деп хабарлайды kznews.kz сайты
Неліктен зейнетке шығу үшін құжаттарды уақытында рәсімдеу керек
Бүгінде еліміздің зейнетақы жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізіліп жатыр. Солардың бірі – әйелдердің зейнет жасын ұлғайту. Бұл өзгерісті жүзеге асыру үшін 2018-2027 жылдар аралығындағы 10 жыл ішінде әйелдердің зейнеткерлік жасын кезең-кезеңімен 63 жасқа дейін жеткізу жоспарланған. Яғни биыл қазақстандық әйелдер 60 жаста зейнетке шыққан болса, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 60 жас 6 ай болған кезде ғана зейнетке шыға алады.
Зейнеткерлікке шығу жасы ерлер үшін – 63 жас, әйелдер үшін – 60 жас (2021 ж.). «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 11-бабына сәйкес әйелдердің зейнеткерлік жасы 2027 жылға дейін жыл сайын 6 айға ұлғайтылып отырады.
Әйелдердің зейнеткерлік жасын кезең-кезеңмен ұлғайту:

- 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жасқа толғанда;
- 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59 жасқа толғанда;
- 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жасқа толғанда;
- 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жасқа толғанда;
- 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60,5 жасқа толғанда;
- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61 жасқа толғанда;
- 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61,5 жасқа толғанда;
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62 жасқа толғанда;
- 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62,5 жасқа толғанда;
- 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап — 63 жасқа толғанда.
Ерте жаста зейнетке шығу қарастырылған:
1) 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілдеге дейін (кемінде 5 жыл) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық қаруды сынақтан өткізудің салдарынан зардап шеккен төтенше және ең жоғары радиациялық қауіпті аймақтарда тұрған азаматтар;

- ерлер — 50 жасқа толғанда;
- әйелдер – 45 жасқа толғанда.