Әйелдердің зейнет жасы ұлғайды
2027 жылдың бірінші қаңтарынан бастап қазақстандық әйелдер зейнетке ерлер сияқты 63 жасында шығады. 2021 жылдың 1 қаңтарынан әйелдердің зейнет жасы 60 жасқа дейін ұлғайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстанда 2018 жылдың қаңтарынан ерлер мен әйелдердің зейнет жасын теңестіру жұмысы басталды. Заңға сәйкес, 2027 жылға дейін әйелдердің зейнет жасына жарты жылдан қосылып отырады.
2021 жылдың 1 қаңтарынан — 60 жасында;
2022 жылдың 1 қаңтарынан — 60,5 жасында;
2023 жылдың 1 қаңтарынан — 61 жасында;
2024 жылдың 1 қаңтарынан — 61,5 жасында;
2025 жылдың 1 қаңтарынан — 62 жасында;
2026 жылдың 1 қаңтарынан — 62,5 жасында;
2027 жылдың 1 қаңтарынан — 63 жасында зейнетке шығады.
Ал ерлер үшін ештеңе өзгерген жоқ – олар зейнет демалысына бұрынғыдай 63 жаста шығады.
Десе де, кейбір әйелдердің зейнет жасы өзгермейді. Олардың ішінде көпбалалы аналар және Семей ядролық полигонында тұрған әйелдер бар.
Мәселен, бес және одан көп баланы сегіз жасқа дейін тәрбиелеп өсірген аналар 53 жаста зейнетке шыға алады. Ал Семей ядролық полигонынының жоғары радиациялық қаупі бар аймақтарда бес жылдан артық тұрған әйелдерге 45 жаста, ерлерге 50 жаста зейнетке шығуға рұқсат бар.
Сондай-ақ 2021 жылы зейнетақы көтеріледі.
Мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 18 524 теңгеге жетеді.
Ал ең төменгі зейнетақы 40 441 теңгеден 43 272 теңгеге дейін өсті.