Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Министр Атамқұлов үй бағасына қатысты болжам жасады

Министр Атамқұлов үй бағасына қатысты болжам жасады

Министрлік керамика өндіретін тағы 3 кәсіпорынды іске қосып, елімізді керамикалық материалмен 100 процент қамтамасыз етуды жоспарлап отыр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қазақстанда тұрғын үй бағасы қашан тұрақталатынын болжады, деп хабарлады sputnik.kz
Министр құрылыс материалдарын шығаратын жаңа кәсіпорындар ашылатынын айтты. Қазір осы бағытта министрлікте бірқатар жоба қарастырылып жатыр. Бейбіт Атамқұловтың пайымынша жаңа өндірістер баспана бағасының шарықтауын тоқтатады.  
"Елімізде өндірілетін бірқатар материалдың тізбегі жасақталды. Бүгінде 35 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жаңа өндірістер. Бірінші кезекте сан-фаянс пен өзге де керамика шығарамыз. Бүгінде керамика өндіретін 3 зауыт жұмыс істейді", - деді Атамқұлов "Национальный интерес" бағдарламасына берген сұхбатында.
Алайда, оның айтуынша, өндіріс көлемі аз. Министрлік тағы 3 кәсіпорынды іске қосып, елімізді керамикалық материалмен 100 процент қамтамасыз етуды жоспарлап отыр.
Министрдің болжамынша тұрғын үй бағасы келесі жылы тұрақталады.
"Менің болжамымша баға бір қалыпқа келеді. Қазір сұраныс болған соң құрылыс компаниялары үйді салып жатыр", - деп  түйіндеді Бейбіт Атамқұлов.

29 қараша 2021 ж. 389 0

Алтынның құны тағы көтерілді

12 желтоқсан 2025 ж. 104

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 217

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 152

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031