Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Министр баспана қымбаттауына не себеп болғанын айтты

Министр баспана қымбаттауына не себеп болғанын айтты

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстандағы тұрғын үй бағасының өсуі туралы айтты, - деп хабарлайды tengrinews.kz тілшісі.
Үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап бере отырып, Атамқұлов құрылыс көлемінің өсуі және мемлекеттің инфрақұрылымға салынған қаржы - бұл қалыпты тренд және дағдарыс кезеңінде тұрақты жұмысты қамтамасыз ету жүйесі екенін айтты.
Сонымен қатар, министр бағаның өсуіне бірнеше басқа факторлар да әсер ететінін айтты.

"Нарық пен сұраныс факторы, нарықта артық ақша пайда болу факторы. Зейнетақы ақшасын пайдалану арқылы халықты қолдау өте дұрыс шешім болды. Бірақ бұл субъектив фактор, яғни ақша аласыз және жұмсай аласыз. Егер бұрын нарықта бір адам болса, енді бес адам пайда болды. Егер пәтеріңіз болса және оны жалға бергіңіз немесе сатқыңыз келсе, клиент пайда болғанын көресіз, ертеңінде екі, үш адам хабарласады. Әрине, ол жағдайда бағаны көтеру туралы ойлайсыз, кез келген қоғамда бұл қалыпты жағдай және ол нарықтағы басқа сатушыларға да әсер етеді", - деді Бейбіт Атамқұлов.
Оның айтуынша, дәл осындай жағдай көлік нарығында да қайталанып отыр.
Талдаудан кейін Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, ірі компаниялар бағаны 15-20 пайызға арзандата бастаған. Бұл ретте ол министрлік нарыққа ықпал етіп, қысым көрсете алмайтынын қадап айтты
16 қараша 2021 ж. 408 0

Атышулы оқиға ақиқаты

15 сәуір 2025 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930